Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Мүмкіндік алаңы” мәресіне жетті

“Мүмкіндік алаңы” мәресіне жетті

Ел іші – өнер кеніші. Шындығында ортамызда көзге көрінбей жүрген біртуар таланттар баршылық. Солардың бірі қойын дәптеріне оңаша отырып өлең жазса, екіншісі мың бұрала билейді. Мұндай таланттардың ел алдына шығып, өнер көрсетуіне жағдай жасау керек-ақ. Осы мақсатта “Арал-АС” шығармашылық тобы мен аудандық Жастар ресурстық орталығы “Мүмкіндік алаңы” шоу бағдарламасын ұйымдастырды.

Өткен жылдың желтоқсан айында бастау алған байқау үш кезеңнен тұрды. Оған қала, кент, ауылдық округ жастары кез келген өнерімен қатыса алатыны айтылған. Соның нәтижесінде бірінші кезеңіне қатысу үшін 70-тен аса өнерпаздан өтінім түсіп, шоуға 30 үміткер жолдама алған. Ал екінші кезеңге оның жартысы ғана өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Барлық сыннан сүрінбей, қолөнер туындысымен көпті сүйсіндірген Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің 9 сынып оқушысы Қарашаш Орынбасар бас жүлдені жеңіп алды. Ол ұйымдастырушылар тағайындаған 50 000 теңге қаржылай сыйлықты иемденді.

– Қолөнермен айналыса бастағаныма көп уақыт өткен жоқ. Екі апам да осы кәсіппен айналысады. Өткен жылы менің де қызығушылығым оянды. Мектептегі жетекшім Айгүл Қуанышқызы бар білгенін үйретіп, шығармашылыққа баулыды. Пенопласт материалынан істелген қобыз, домбыра аспаптары – ең алғашқы туындыларым. Одан кейін тұмар, оюлар жиынтығын, кілемшелер жасадым.
Ал “Мүмкіндік алаңы” сайысына бір айға жуық уақыт дайындалдым. Байқаудың екінші кезеңіне биші, әнші, түрлі аспаптарда ойнайтын дауылпазшылар шықты. Алғашында ондаған қатысушылар арасынан жеңімпаз боламын деген ой болған жоқ. Бірақ ақтық мәреде әділ қазылар алдында пеноплекстен жылқының мүсінін жасап, жеңімпаз атандым. Осы сарындағы сайыстар көптеп өтсе, біздің шығармашылығымыз шыңдала түсер еді, – деді Қарашаш Сағынайқызы.

Айта кетейік, аталған сайыс жастарды өнерге бау­лу, бос уақыттарын тиімді пайдалануды үйлестіру мақсатында өткізілген. Сондай-ақ жастардың ізденісін арттырып, қоғамдық жұмыстарда белсенді болуға шақырады. Жастар орталығының мамандары алдағы уақытта мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылатынын айтты.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
21 қаңтар 2020 ж. 1 104 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 124

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031