Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өнерімен танылған өрендер

Өнерімен танылған өрендер

Республикалық «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйым­дастыруымен «Мәңгілік ел алыптары» тақырыбында рухани-патриоттық өнер байқауы өткізілді.

Оған Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің шәкірттері бірнеше жанр бойынша қатысты. Нәтижесінде «Наз-Қоңыр» би тобы хореография жанрында, эстрадалық вокал жанрында 4 сынып оқушысы Аружан Ордабай екінші, «Күнекей» шағын орталығының тәрбиеленушісі Аруана Алтынбекқызы үшінші орын иемденді.

Көркем сөз жанрынан 5 сыныптық Нұрдәулет Байзақ бас жүлдені жеңіп алып Алматы қаласында өткізілетін Халықаралық байқауға тегін жолдама алды. Сонымен қатар 5-6 сынып оқушылары Нұрәли Матығұл мен Ернар Өмірсеріков 2-3 орынды қанжығасына байлады. Ал Раушан Әбдіршеева ғылыми жобаны сәтті қорғап, бірінші орын тұғырынан көрінді.

Оқушыларды өнерге баулыған жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Маншүк Сәденоваға арнаулы диплом тапсырылып, «Үздік көшбасшы педагог» төсбелгісімен марапатталды.

Г.СЕРАЛИЕВА,
бастауыш сынып мұғалімі
20 қаңтар 2020 ж. 1 303 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 57

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 81

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031