Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Кірпікте де биттер болады": Мамандар жасанды кірпіктің зиянын айтып берді

"Кірпікте де биттер болады": Мамандар жасанды кірпіктің зиянын айтып берді

Бұл күндері сұлулық салондарына барып, кірпік жалғатып, бет-әлпетін жасататын қыз-келіншектер өте көп. Сұлулық - құрбандықты талап еткенімен, кірпік жалғатамын деп жүріп, көзіңізді биттетіп алуыңыз әбден мүмкін.

Бүгінде бұрымдылар соңғы трендтерден қалмау үшін сұлулық салондарын торауылдайды. Әдемі боламын деп жүріп түрлі тері ауруларын жұқтыратындары да жоқ емес. Мәселен, арзанға педикюр жасатып, ауруханадан бір-ақ шыққан Оксана тырнақ сәндегіш мамандардан әбден қорқып қалған. Интернет арқылы іздеп тапқан шебердің кесірінен ол саусағынан айырылып қала жаздапты.

"Тырнағымды ретке келтірудің орнына, мастер оны жартылай кесіп алды. Артынша, ақшамның жартысын қайтарып, тырнағым бірнеше уақыттан кейін қалпына келеді деп сендірді. Бірақ, екінші аяғымның саусағым іріңдеп мазамды қашырды. Бірнеше уақыттан кейін өзге салонға бардым. Олар мен қабылдаудан бас тартты!", - дейді Оксана.

Мамандардың сөзінше, Оксана секілді жаппа шеккендер жетерлік. Өйткені, қазір әлеуметтік желіде үйде қызмет көрсететін мамандар жетіп артылады. Олардың жартысынан көбінің арнайы сертификаттары жоқ. Одан қалды, санитарлық талаптарды орындамайды. Ал арзанға жүгіріп, кейін опық жейтіндер өз құқықтарын қорғай алмай әлек болады.

"Біздегі құрал-саймандар жай сөрелерде емес, арнайы стерилизаторда тұрады. Жуырда маған бір бойжеткен келді. Оның тырнағының формасы әдемі болатын. Тек бұған дейінгі мастер оның саусақтарым зақымдап алған. Салдарынан, тесілген жері өмір бақи солай қалады. Мұндай жапа шеккендер өте көп", - дейді тырнақ шебері Әсел Сарина.

Сонымен бірге қазгіргі уақытта жасанды кірпіксіз бірде бір күн өмір сүре алмайтын арулар көбейді. Бір қарағанда кірпік жабыстыруда тұрған ешбір әбестік жоқ сияқты. Алайда, нағыз биттің шоғырланатын жері дәл сол жасанды кірпіктер екен.

"Кірпікте де биттер болады. Білесіздер кейбір мастерлер тіпті құрал-саймандарын жуып, тазаламайды. Салдарынан осындай бактериялар үймелейді. Кірпігіңізді биті бар тарақпен тараса болды, ар жағын ойлаудың өзі қорқынышты", - дейді кірпік жабыстыру шебері Марина Кудряцева.

Елімізде сұлулық индустриясы жылдам дамып, қазір жертөрледе, үйдің ішінде, бизнес орталықтарда жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай ашылуда. Республика бойынша жалпы саны бес жарым мыңға жуық шаштараз бен сұлулық салоны тіркелген. Оның мыңға жуығы Нұр-Сұлтан қаласында.

Бұл тек ресми тіркелгендері, ал есепте жоғы қаншама. Соңғы 9 айда сұлулық салондарына қатысты 14 шағым келіп түскен. Тексеріс нәтижесіне сәйкес, салондардың жартысынан көбі санитарлық талаптарға сай болмай шыққан.

"Санитарлық талаптарды орындамаған үшін айыппұлдың құны екі есеге өсті. Ал бұл талаптары екінші рет тағы бұзса, онда оның үстіне тағы қосылады. Қыз-келіншектерге айтар кеңесім, барған жеріңізден міндетті түрде чек алыңыз. Ол сіздің негізгі айғаңыз болады", - деді Инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және объектілерді бақылау басқармасының басшысы Марал Рахимжанова.

Егер де сұлулық салондарының құрбаны болсаңыз онда міндетті түрде Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне хабарласқан жөн. Ал көрсетілген қызмет көңіліңізден шықпаса Тұтынушылардың құқығын қорғайтын комитетке шағымданғаныңыз .

Еске сала кетсек, бұған дейін дүкендердегі косметика сынамаларында денсаулыққа зиян патогенді микроағзалар көп екені анықталды.

Мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесінде дүкендегі ашық косметикалық тауарлардың 90 пайызы зарарланған болып шыққан. Сонымен қатар, косметикалық тауардан герпес пен гепатит анықталған.
08 қаңтар 2020 ж. 427 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930