Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлулық салонында бір әйел өліп қала жаздады

Сұлулық салонында бір әйел өліп қала жаздады

Түркістан облысының Жетісай қаласында сұлулық салонына барған әйел өліп қала жаздады. Ол қасына татуаж жасатқаннан кейін жағдайы нашарлап кетіп, ауруханаға түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 25 наурызда орын алған. Жетісай қаласының тұрғыны жергілікті сұлулық салондарының біріне барып, қасына татуаж жасатады. Алайда артынша Құралай Өтегенованың жағдайы нашарлап кеткен. Ол үйіне келгеннен кейін қызуы көтеріліп, бет-аузы ісе бастапты.

«Қасымды Айдана есімді шеберге істеттім. Басында бәрі жақсы болды. Үйге келген соң қызуым көтеріліп, бет-ауызым ісіне бастады. Болмаған соң қасымды боятқан келіншекке қоңырау шалып, мән-жайды айттым. «Ондай-ондай болады, әпше», - деген Айдана нақты ештеңе айтпады», - дейді ол.

Өтегенованың сөзінше, бастапқыда ол басылатын шығар деп үміттенді, ешқандай әрекет жасамаған. Алайда біраз уақыттан кейін қасы қышып, жағдайы нашарлай бастапты. Осыдан соң ол жәдел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған.

Сұлулық салонының маманы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал Құралай Өтегенова бүгінде аудандық ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады.

«Науқастың жедел жәрдеммен ауруханаға келгені рас. Қасынан аллергия беріп, бет-ауызы іскен. Біз тексере келе «контактілі дерматит» деген диагноз қойдық. Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Дексометизон, аллергофест екпелері жасалып, гидрокартизон жақпа майы белгіленген. Енді азаматшаға иіс сабындар мен иіс суларды, цитрусты өнімдерді пайдалануға болмайды. Бізден ем қабылдап шыққан соң аллергоорталыққа барып толық тексеруден өтуі, есепке тұруы керек» - дейді терапия бөлімінің меңгерушісі Халима Айдарбекова.
03 сәуір 2019 ж. 3 100 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031