Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кірпік түсуінің 5 себебі

Кірпік түсуінің 5 себебі

Әр қыз кірпігінің қалың әрі ұзын болғанын армандайды. Кейде кірпік өздігінен түсіп, жаңарады. Егер кірпіктеріңіздің түскені онша білінбесе, оның табиғи процесс болғаны. Алайда кірпік өте жиі түсіп, оның азайғаны білінсе, себебін анықтап, емдеуді қолға алу керек. 

Дәрумен жетіспеушілігі 
Дәрумендер мен микроэлементтер ағза саулығын ұстап тұруға көмектеседі. Оларды тамақтан алған жөн, бірақ кей жағдайда олар жеткілікті мөлшерде келмесе немесе ағзаға дұрыс сіңбесе, қосымша дәрілік құралдарға жүгіну қажет болады.  Дәрумен жетіспеушілігінен кірпік жиі түсуі мүмкін, оны қалпына келтіру үшін Е, А және В топтарының дәрумендерін ішу қажет. Дұрыс құрастырылған тамақтану аз уақыт ішінде кірпікті қалпына келтіруге көмектеседі. 
Сапасыз косметика 
Қыздар косметиканы күнде қолданады. Бірақ көпшілік косметиканы аларда оның сапасына аса мән бере қоймайды және зат белгісін дұрыс оқымайды. Сапасыз тушь, тень немесе қарындаш қолдану кірпіктің түсуіне әкеледі.  Міндетті түрде кез келген косметиканың жарамдылық мерзімін тексеріп тұру керек. Егер жарамдылық мерзімі өткен болса, бірден тастау керек. Себебі ол аллергиялық реакция беруі мүмкін.
Күйзеліс және гормондық бұзылу 
Көп уайымдау, күйзелу және гормондық бұзылу – бұлардың барлығы ағзаның нашарлауына және кірпіктің түсуіне әкеледі. Ұзақ уақыт күйзелістік жағдайда болу ағзаның ішкі жұмысының бұзылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, қорғаныш функциясы әлсіреп, вирусты немесе жұқпалы ауруларды жұқтырып алу қаупі көтеріледі. 
Конъюнктивит 
Конъюнктивит көздің сыртқы түрін бұзып жібере алады. Ол көзді ісіреді және қышытады. Кей жағдайда конъюнктивит кесірінен кірпік түсе бастайды. 
Дұрыс емес күтім 
Кірпік те тері секілді уақытылы күтімді қажет етеді. Егер күнде қарапайым сабынмен көздегі макияжды уқалап кетіретін болсаңыз, әрине, кірпік түсіп, сирек болып кетеді. Көздегі макияжды арнайы жұмсақ құралмен кетіру керек. Сонымен қатар, боялған көзбен ұйықтауға болмайды. Ұзақ уақыт тұрған косметика кірпік жағдайын нашарлатады. Кірпікке күтім жасап, майлар жағып тұру қажет.
03 қыркүйек 2019 ж. 3 466 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930