Бизнес жобасы кәсіпке жол ашты

– Жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып отыр. Жобаның нәтижесі де айтарлықтай, бастысы халық үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазірдің өзінде жобаға қатысқысы келетіндер көп.
30 күнге созылатын оқыту мерзімі бизнесті енді бастап жатқан кәсіпкерлер үшін барынша пайдалы. Атап айтқанда, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспарлау, маркетинг, салық режимдері, өткізу нарықтары, құқықтық реттеуге қатысты барлық материалдар тәжірибелік тұрғыдан түсіндіріледі. Оқу бағдарламасына қатысу міндетті, онсыз күтілетін нәтижеге жету мүмкін емес. Әр өткізілетін сабақ жүйелі бағдарлама, бір тақырыпты меңгермей, екінші тақырыпқа өту қиын, – дейді жас кәсіпкер.
Оның айтуынша, кәсіпке ерекше қызығушылықпен қарамаса кез келгеннің қолынан келе бермейтін шаруа. Оның үстіне адамның жаратылысы да кәсіпкерлікке бейім болуы керек. Сондықтан оқыту жұмыстарының алдында әр қатысушының әлеуеті сыналып, оның икемділігі анықталады. Психология осындайда көмекке келеді. Іскерлікке қабілетті анықтау үшін арнайы мамандар ұсынған тест пайдаланылады. Сол арқылы жұмыс тобы адамның қай салаға бейім екенін анықтайды. Осылайша ұйымдастырушы мен қатысушының уақыты бағаланады. Қамбардың таңдаған саласына қажетті жүк тиегіш экскаватор бірнеше қызметті атқарады екен. Яғни жер қазады, көмеді, төбешіктерді тегістейді әрі қажетті заттарды тиейді. Бұл көліктің жұмыс аясы кең, құрылыс тасымалының барлық түріне қолдануға болатын кешенді техникаға жатқызылады. Сондай-ақ материалдарды тиеу және аудару үшін қолданылады.
Қазір жас кәсіпкер бір адамды Самат Әбдірахмановты жұмыспен қамтып, "МФК Туран" ЖШС қарамағында газ құбырын құру жұмыстарын атқаруда.
"Ауылды қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы тиімді шағын несиелендірумен ауылдағы халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Әлеуметтік мақсаттардағы шығынды өтеуді үйлесімді ұстайтын, тұрақты түрде ауылдық кәсіпкерлікке қаржылық қызмет ұсынатын несие ұйымына алғысым шексіз", – дейді іскер жігіт.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА