Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Іскерлікке бастаған жолдама

Іскерлікке бастаған жолдама

Бүгін аудан әкімдігінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды үйлестіру мәселелеріне арналған мәжіліс болып өтті.

Онда төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап биыл облыс әкімінің бастамасымен «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында бұл саланы дамыту жұмыстары ауқымды жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Осы орайда Кәсіпкерлер Палатасының Қазалы ауданындағы филиалының директоры Ермек Аймаханов атқарылған жұмыстары мен «Бастау Бизнес» жобасының жыл көлемінде үйлестірілу жайын баяндады.

Оның мәлімдеуінше, Қазалы ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылға 220 тыңдаушыны оқуға қатыстыру жоспары толығымен орындалды. Оқуға ниеттілер аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, 5 топқа бөлініп оқытылды. Кәсіпкерлік негіздегі сабақ барысы 16 сәуірде басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасқан.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап «Бастау Бизнестің» оқу курсында білім алған қатысушыларға сертификат табыстады.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ


27 желтоқсан 2018 ж. 1 383 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 135

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 126

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031