Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сертификат табыс етілді

Сертификат табыс етілді

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқу курсын аяқтаған алғашқы топқа сертификаттар табыстады. Жиында Кәсіпкерлер Палатасының Қазалы ауданындағы филиалының директоры Ермек Аймаханов хабарлама жасап, жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Қазалы ауданына "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 2018 жылға 220 азаматты және "Бизнес Кеңесші" оқу семинары бойынша 90 азаматты оқыту жоспарланған. Оқыту кезеңі алты топқа бөлініп, 16 сәуір-23 қараша аралығында өтеді. Бүгінгі күнге дейін 16 сәуір-12 мамыр айлары аралығында осы жоба аясында алғашқы топтың тыңдаушылары оқыту курсын аяқтаған.
«Бастау Бизнес» және «Бизнес Кеңесші» оқу курсына қатысып, ағымдағы жылы филиалға құжат тапсырған 96 несие алушылардың құны 611,5 млн теңге құрайтын жобаларының құжаттарын жинақтап, бизнес-жоспарлар әзірленген. Бақылау Кеңестерінде аталмыш жобалар қорғалып, оның құны 196,3 млн теңге құрайтын 52 жоба мақұлданып, қаржыландырылуда. Несиелендірілетін жобалар аясында 64 жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «КазАгроКепіл» АҚ-нан қаржыландыруға мақұлданған құны 44,0 млн теңге құрайтын 10 жоба несиесін күтуде.
Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап «Бастау Бизнес» жобасының 2-тобында 44 тыңдаушы оқуларын бастап кеткен.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
12 маусым 2018 ж. 1 622 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 160

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031