Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспаналы болу бақыты бұйырады

Баспаналы болу бақыты бұйырады

Үйің болмай – күйің болмас. Бұл мәтелдің бүгінгі таңда өзекті болып тұрғаны рас. Басқасын айтпағанда, аядай ғана Қазалы ауданының өзінде мыңның үстіндегі адам тұрғын үй кезегінде тұр. Әйтсе де тіркелмей, әр пәтерді жалға алып жүрген жандар қаншама?!

Билік тарапынан күрмеулі мәселенің түйінін тарқатар түрлі мемлекеттік бағдарламалар жасалып та жатқанын жоққа шығармаймыз.
Осы ретте аудан көлемінде тұрғын үйге мұқтаж жандар санының күннен-күнге артуына орай біршама қарқынды құрылыс жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кенті 5 квартал аймағынан 108 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы аяқталуға таяу. Сол пәтерлерді үй кезегінде тұрған мұқтаж жандарға қылдай етіп бөліп беру мен қиянат жасамау билік басындағылардың да басты назарында.
Оған өткен аптада аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен өткен коммиссия отырысында куә болдық.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл жолғы отырыс күнделікті есеп-қисаппен, дәстүрлі баяндамалардан ада өтті. Жиын барысында арнаулы топ мүшелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның негізінде баспана кезегіне тұрып, әне-міне дегенше пәтер кілтін қолына ұстайтын тұрғындармен кездесті.
Аудан бойынша бүгінгі таңда 1089 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 211-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, 542 адам әлеуметтік осал топтағы азамат. Сонымен қатар баспанаға мұқтаж 150 көпбалалы отбасы, 175 бюджеттік сала мамандары екен.
Тізім бойынша жеке дара коммиссия отырысына қатысқан тұрғындар өздерінің көптен күткен тілектерінің орындалатына ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ коммиссия отырсында жастайынан тағдырдың тауқыметіне ұшырап, ата-анасыз қалған балалардың бірінші кезекте баспаналы болуға мүмкіндік туғанына қуандық. Бұл қазақтың «Жетім көрсең жебей жүр» деген даналығын еске салды.
Тағы бір тілге тиек етер жайт, орта мектепті бітіріп, арман қуып өзге қалада оқып жүрген, Отан алдындағы борышын өтеп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың да үй кезегі сақталып, қашан дипломын алып ауылға келгенінше баспаналарына қамқорлық танытып жүрген туған-туыстары ие болып отыратыны жөнінде айтылды.
Коммиссия қорытындысымен Әйтеке би кенті 5 квартал аймағындағы пәтерлердің 23-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 35 пәтер әлеуметтік осал топқа жататын жандарға, 35 пәтер көпбалалы отбасыға берілетін болды. Мұнымен қоса 10 пәтердің кілтін тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарға, 5 пәтерді бюжеттік сала қызметкерлеріне беру туралы шешім қабылданды.
Есет ТАБЫНБАЕВ
26 желтоқсан 2019 ж. 1 226 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930