Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспана мәселесі шешімін табады

Баспана мәселесі шешімін табады

«Үйің болмай – күйің болмас» дегенді пәтер азабы жанына батқан жандардың жете түсінетіні анық. әркімнің ескі-құсқысын жалдап тұрып, айдың соңында ақшасын төлей алмай жүргендер қаншама?! Бұл мәселе әсіресе, ауылдан қалаға арман қуып келген жастардың жүйкесіне салмақ түсіретіні айқын. осы ретте, қолжетімді баспана мәселесін шешу үшін мемлекетіміздің түрлі бағдарламалар мен жаңа жобалар жасап отырғаны көпшілікке белгілі. соның бірі – елге етене таныс «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы деуге толық негіз бар.
Дәл осы «Нұрлы жердің» аясында Әйтеке би кентінің 5-квартал аумағында 18 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Құрыш қолды құрылысшылардың көз ілеспес қарқынды қимылын біз де бақылап қайтқан болатынбыз. Естігенімізді емес, көргенімізді айтайық деп шештік.
Жалпы, ағымдағы жылы аудан бойынша барлығы 9 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланыпты. Оның ішінде 18 пәтерлік 6 арендалық тұрғын үйді бастауға өткен жылы 30,0 миллион теңге қаржы бөлініп, игерілген. Ал, биыл аталған нысанның құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 110,2 миллион теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар тиімді жүргізілуде. Жұмыстың сапасын, аудандық құрылыс бөлімі мен тиісті сала мамандары қатаң бақылауға алыпты. Қазалылықтардың игілігіне беріледі деп күтіліп отырған жүргізілу барысымен өткен сенбіде аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың өзі арнайы танысып қайтқанын да атап өткен жөн.
«Бәрін айт та, бірін айт» демекші, халық көптен күтіп жүрген бұл тұрғын үйлерде сапалы құрылыспен қатар, ауыз су, газ, электр, жылу, жол және абаттандыру жұмыстары да шешімін таппақ.
Аталмыш нысандар уақытында сәнді әрі сапалы аяқталса, қазалылық жастардың «Айхай, менің өз үйім, кең сарайым боз үйім» деп қуанышқа кенелетін күні де алыс емес.
Есет ТАБЫНБАЕВ
19 маусым 2018 ж. 2 969 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930