Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй құрылысы қарқын алады

Тұрғын үй құрылысы қарқын алады

Қазіргі таңда республика бойынша тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып келеді. Соның есебінен баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны кеміп, жеке тұрғын үйге ие болуда. Ел азаматтары тұрмысының жөнделуі үшін мемлекет тарапынан жасалған қолдаулар мен заманауи бағдарламалардың әсері мол. Жыл сайын жасампаз жобалар арқылы әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандар бірінші кезекте баспанаға ие болуы жағы қарастырылған. Ал 2020 жылдан бастап жыл сайын аталған санаттағы 10 мың отбасы тұрғын үй алатын болады. Жолдаудағы мемлекет басшысының көтерген мәселесі халық көңілінен шығып, құрылыс саласына да бірқатар жауапты міндет жүктейтіні анық.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кезегіндегі аз қамтылған және көпбалалы 30 мыңға жуық отбасын 3 жылда толық баспаналы етуді тапсырды. Бұл орайда Қазалы ауданында да қарқынды құрылыс жүріп жатқанын айта кету керек. Мәселен, қазір кенттің 5 квартал аумағында 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Құрылыс мәресіне жеткен соң кезекте тұрған жүзден аса адам тұрғын үймен қамтылады. Жыл аяғына дейін жаңадан бой көтеретін мекемелер үйі де пайдалануға берілмек. Сонымен қатар биыл Әлсейіт көпірінің құрылысы аяқталып, аудан тұрғындары игілігін көретін болады.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мемлекет қамқорлығына бөленуі көңіл қуантады. Сондай-ақ мемлекет басшысының елдегі құрылыс саласына айрықша назар аударып отырғаны еселей еңбек етуімізге жағдай жасайды. Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда қозғаған осы және өзге де маңызды мәселелерді шешу бағытындағы жоспарын жүзеге асыруға лайықты үлес қосамыз.
Мұрат ӘБСҰЛТАНОВ,
аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
03 қыркүйек 2019 ж. 1 118 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930