Бизнеске бет бұрғандар
Кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші – жастар. Бұл тұжырыммен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі де жас буынның қолында. Осы ретте біздің елде қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына, сонымен бірге кәсіпкерлікке бейімделуіне айрықша мән беріліп келеді.
Қазір жас кәсіпкерлер қатарын толықтырушылар саны жыл сайын артуда. Олар өздерінің қолынан келетін істі табыс көзіне айналдырып, экономиканың алға ілгерілуіне лайықты үлес қосып жүр. Солардың бірнешеуін жұртшылыққа үлгі етуді жөн көрдік.
Алғашқы кейіпкеріміз – Мөлдір Тұрмаханова. Ол Әйтеке би кентінің тумасы. Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне грант негізінде оқуға түсті. Алайда бірінші курсты тәмамдаған соң денсаулығы сыр берді. Буын ауруына шалдығып, ұзақ уақыт ем алуға тура келді. Қайсар қыз бұған мойымай, жоғары оқу орнындағы білімін жалғастырып, қалаған мамандығын меңгеріп шықты. Екінші топ мүгедегі атанған бойжеткен жұмысқа жарамайтынын білген сәтінде де салы суға кетпеді. Өмірге деген құлшынысы алға жетелеп, үнемі ізденіс үстінде жүретін.
Қолынан іс келетін ару кәсіпкерлікке қалай келгені туралы сыр бөлісті.
– Талсуат оңалту орталығына бардым. Сонда еңбек терапиясы деген болды. Кім қандай өнері бар, не істей алады бәрін көрсетеді. Біреу тоқыма тоқиды, енді бірі сурет салады дегендей. Менің де қолөнерге деген қызығушылығым артты. Сурет салып, картина жасай бастадым. Бұйымдарым арқылы түрлі көрмелерге қатыстым. Бір күні «Неге кәсіпкерлікпен айналыспасқа?» деген ой келді. Арманымды іске асыруға мемлекеттің көп көмегі тиді. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша кайтарымсыз грант ұтып алдым. Заманауи изолон материалдан светильник гүлдер жасаймын. Кәсіп бастағаныма көп уақыт бола қойған жоқ, дегенмен гүлдерім сұранысқа ие, – дейді Мөлдір Болатқызы.

Ал, «Әке көрген оқ жонар» деген кәукейлік Әсет Арзы суретшілік әкемнен дарыды дейді. Оның қолөнерге жақындығы бала кезінен байқалды. Мектепте жүргенде әкесінің жанында жүріп, ағаш оюды, сурет салуды үйренген Әсет бүгінде жас кәсіпкер. Оның жасаған дүниелері көздің жауын алады. Ауылдық жерде қазақы жиһаздар мен кәдесый бұйымдарды жасау арқылы ұсталық өнерді дамытуға ниеттенген Әсет Қазиұлы «Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқып, сертификат алды. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз қаржыны орынды жұмсап, қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Қазір қызу жұмыс үстінде.
Тапсырыс берушінің талғамынан шығып, алғысын алған тағы бір кәсіпкер – Талғат Ембергенов. Дизайнер мамандығы бойынша білім алған ол өткен жылдан бастап еврожөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысып келді. Отбасылық бизнесті дамытуды мақсат еткен Талғат Аманбайұлы «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша оқып, кәсіпкерлік негіздері туралы білгенін арттырды. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несие алып, аудан тұрғындарына ағаштан жасалған есік, баспалдақ, астаулар, шәй үстел, сандық, тағы басқа үй жиһаздарын ұсынуда. Талғаттың туындылары көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді.
P.S: Әңгіме барысынан байқағанымыздай, бизнеске бет бұрған жандардың бәрінің де арманы бір, мақсаты айқын. Олар бастаған ісінен береке тауып, туған жердің түлеуіне тамшыдай болса да үлес қоссам дейді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА