Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнегелі ұстаз

Өнегелі ұстаз

Қазақ әліпбиінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқан болатын. Заман қанша алға озса да, осы дана сөз өз мәнін жоймаған. Бүгінгі күні ұлағатты ісімен, бай тәжірибесімен оқушыларды тәрбиелеп жүрген ұстаздар баршылық. Солардың бірі – Жанқожа батыр атындағы №70 мектебінің мұғалімі Райхан Әбдімұратқызы. Ол ұзақ жылдардан бері жас ұрпаққа қазақ тілі және әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді.
Райхан Сәдуахас Бекарыстан би ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Жаны ізгіліктен жаратылған Р.Әбдімұратқызы Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектепте білім алды. Жас­тайынан оқу-білімге деген ынтызарлығының арқасында, мұғалімдік мамандықты таңдауды ұйғарды. Оның талабын әкесі де қуана қолдайды. Сөйтіп, 1976 жылы Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Училищеде де алғырлығымен қатарластарынан оқ бойы озып ерекшеленеді. Ұстаздары үнемі Райханның атына мақтаулар айтып, оның табандылығымен, ізденімпаздылығын өзгелерге үлгі еткен. 1980 жылы арнаулы оқу орнын аяқтаған жас маманды алғаш біліммен қаруландырған алтын ұя мектебі құшақ жая қарсы алады. Сол жерде өрімдей қыз бастауыш сынып қол еңбегі кабинетін жасақтайды. Екі жылдан кейін «Кабинеттік жүйе бойынша оқыту» тақырыбында өткізілген аудандық семинарда қол еңбегі кабинеті арқылы сабақ өткізеді. Мұндағы жақсы көрсеткіштері үшін аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталады. Негізгі қызметімен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан Райханды қолдаған ұжымдастары оны комсомол ұйымының жетекшісі етіп сайлайды. Р.Садуахас өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, бірнеше дүркін аудандық комсомол комитетінің Құрмет грамотасына қол жеткізеді.
Райхан Әбдімұратқызы 1984 жылы Қызыл­ордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтына құжат тапсырып, оны «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1987 жылы отбасы жағдайына байланысты Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепке ауысады. Осы жылдар ішінде білім беруде қомақты істер атқарды. Әрдайым маңызды шаралардың ұйытқысы бола білген Райхан апайдың өткізген әрбір ашық сабағы қатарлас және жаңа үйренуші мұғалімдерге үнемі үлгі. Әрбір ашық сабақтары бірін-бірі қайталамас, өзгеше әрі қызықты өтетін.
Ал 2006 жылы Жанқожа батыр атындағы №70 мектепке оқу ісінің меңгерушісі болып қызметке тағайындалады. Әрине, өзі ұзақ жыл еңбек еткен ұжымдастары мен оқушылары Райхан апаймен қимай қоштасады. Содан бері аталған білім ордасында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметімен қатар, оқушыларға қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі” деп ұлы ұстаз Конс­тантин Ушинский айтқандай, мұғалім әр адамның жүрегінде ерекше жылылық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым десек болады.
Райхан Әбдімұратқызы өзінің бойындағы бар аналық мейірімін, білімін, тәжірибесін шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытты. Өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындады. Әдебиетті оқыта жүріп, сауатты жазуға үйретті. Осы қиын да қызықты жұмыста еш мойымай, бар уақытын оқушыларына арнаған Райханның еңбегі ерлікке теңеуге әбден лайықты.
Сонымен бірге Р.Садуахас аяулы жар, ардақты ана. Құдай қосқан қосағы Кеуілмжай екеуі немерелерінің қызығын қызықтап, балаларының қуанышын бірге көріп келеді. Екі баласы да Жанқожа батыр атындағы №70 мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, грантпен оқуға түскен. Қазіргі таңда жоғары білімді жас мамандар шетелде тәжірибе жинақтап, елдің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Райхан Әбдімұратқызы қызмет пен ана бақытын тең көрген ұлағатты ұстаз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
04 қыркүйек 2018 ж. 2 744 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930