Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде білім алған жастардың алғашқы бөлігі Қызылордаға оралды

Ресейде білім алған жастардың алғашқы бөлігі Қызылордаға оралды

Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алған қызылордалық түлектердің алғашқы бөлігі туған жерге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні алғашқы 74 түлек диплом алып, олардың 43-і магистратураға түсті. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алған алғашқы қызылордалық түлектермен кездесуі барысында айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Осы жылы алғашқы 74 түлек оқуын тәмамдады, олардың 43-і магистратурада оқуларын жалғастырады, 14-і облыстың ірі кәсіпорындарына - «СКЗ-У» ЖШС, «Қызылорда жарығы» ЖШС, «Ансар Сервис» ЖШС, «Теплотехник» ЖШС, мамандандырылған мемлекеттік мекемелеріне қызметке орналасты. Сондай-ақ, индустриалды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен жастар ресурстық орталығына және өзге де
мекемелерде еңбек жолын бастады.
Айта кетейік, келесі жылы тағы 150 түлек оқуын бітіреді деп күтілуде. Жүздесу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейде білім алған жастардың оқуларын ойдағыдай аяқтауымен құттықтады. «Ата-бабамыз «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған, Елбасымыз да «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп айтып келеді. Мен де өз кезегінде «Туған жерге тағзым ету - парызым, туған жерге қызмет ету - қарызым» деген ұранды ұстанамын. Білім алып, белгілі бір мамандық иесі атанып, туған жеріңе оралған қадамдарың оң болсын», - деген тілегін жеткізді аймақ басшысы. Өз кезегінде түлектер мен олардың ата-аналары қызылордалық жастардың Ресейдің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарында білім алуы және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жасаған облыс басшылығына ризашылығын білдірді. «Мұндай мүмкіндік басқа аймақтарда болмағанын атап өткім келеді. Өзгелер Мәскеу мен Петербургте оқып жүргенімізде Сыр бойы жастарының оқуына қамқорлыққа, оларды материалдық және рухани қолдауға қызыға қарайтын. Қазір облыстан Мәскеуге арзан әуе рейстері ұйымдастырылған. Сондай-ақ, оқып жүрген кездің өзінде «Аралтұз», «Байкен-U», «Қызылорда жарығы», «Абзал и К» сияқты ірі компаниялар жұмыс ұсына бастады. Мен «Қызылорда жарығы» ЖШС-де жұмыс жасаймын. Ата-анам мен облыс басшылығының үмітін ақтап, алған білімімді туған жердің игілігіне жаратсам деймін»,-деді «Қызылорда жарығы» ЖШС қызметкері Еламан Меңдіқұл. Кездесуде түлектер облыс әкіміне «Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің куәлігін табыстады. Бұл ұйым ағымдағы жылдың тамыз айында сырбойылық жастардың мәселелерін шешуге және ресейлік жоғары оқу орындарындағы студенттер мен түлектерді біріктіруге арналып құрылды. Биыл 60-тан астам мектеп түлегі Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеулер университетіне, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне, Санкт-Петербург мемлекеттік индустриалды технологиялар және дизайн университетіне, Иннополис университетіне және Мәскеу энергетика институтына түсті. Сонымен бірге, сырбойылық жастарға мамандандырылған «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» саласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне жыл сайын 20 грант және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы жоғары оқу орындарына грант бөлінеді. Ақпараттандыру мен технологияларды енгізу бойынша Татарстан Республикасындағы Иннополис университетінде ақпараттық және сандық технологиялар бойынша жыл сайын қызылордалық түлектердің білім алуына келісім жасалған. Алдағы уақытта «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 900-ге жуық түлек облыс әкімінің білім грантына ие болды. 2018 жылы грант саны екі есеге артты, оның 70 пайызы IT мамандықтарына бөлінеді. Биылғы жылы облыс әкімінің 116 стипендианты оқуын бітірді, оның жартысы (46 адам) қызметке орналасса, 7 -еуі магистратураға түсті.
inform.kz

14 қыркүйек 2018 ж. 928 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930