Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес жылда бағындырған белес көп

Бес жылда бағындырған белес көп

– Темірлан Нұрланұлы, мерейлі мереке­леріңіз құтты болсын! Алғашқы сұрағымыз, көпшіліктің көкейінде қалыптасқан сала атауы өзгеруінің логикасы неде?
– 2014 жылы тамыз айының 14-нен бас­тап салық және кеден саласы біріктірілуі нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдары құрылғанына бес жыл толды. Кірістер басқармасы болып атауымыз өзгерсе де, әлі күнге дейін дәстүрлі жүйемен «салық басқармасы» деп атайтындар кездеседі. Оларға тосқауыл қойып, қарсылық танытудың да жөні жоқ.
Басқарма бұрынғы салық және кеден салаларының жүйелерін реттеудің жетілдірілген мазмұны. Оның басты міндеті – жүйені халыққа түсіндіру, насихаттау шараларын жүргізу арқылы салық төлеуші мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушының сауаттылығын көтеріп, жауапкершілік сезімін ояту, ел экономикасына, оның әлеуметтік дамуына өзіндік үлесі бар азамат екендігін ұғындыру болып табылады.

– Аудандағы басқарманың бүгінгі беталысы туралы баяндасаңыз...
– Ауданда 2014 жылы жалпы 420 заңды тұлға, 2968 дара кәсіпкер салық төлеуші есебіне алынған болса, қазіргі таңда 2019 жылдың 6 ай қорытындысымен 567 заңды тұлға, 3944 дара кәсіпкер тіркеуде. Ал өткен жылдардағы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдерге көз жүгіртсек, 2014 жылы 2 056 млн теңге, 2015 жылы 2 104 млн теңге, 2016 жылы 2 349 млн теңге, 2017 жылы 2 264 млн теңге, 2018 жылы 2 330 млн теңге көлемінде түсім қамтамасыз етілген. Яғни, жылма-жыл түсім деңгейінің өсуін түсім қамтамасыз етілген, яғни, жылма-жыл түсім деңгейінің өсуін жоспарлаудамыз. Мемлекеттік бюджетке 2019 жылдың 6 айында 880 млн теңге жоспарда нақты 1 067 млн теңге қаржы түсіп, жос­пар 121,3 процентке орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет кірісіне 232 млн.теңге алынып, 102,9 процентке орындалса, жергілікті бюджет кірісінің нақты көлемі – 835 млн теңгені құрап, белгіленген жоспардың 127,6 процентке орындалуы қамтамасыз етілді. Бюджет түсімін саралау кезінде маңызды көрсеткіштің бірі – өткен кезеңдермен салыстырғанда өсу қарқынының деңгейі болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биылғы бюджет көлемі 124 млн теңгеге артты. Бұл жоспардың орындалу үрдісіне жыл сайын қол жеткізілуде.

– Түсімнің басты түрлеріне тоқталсаңыз...
– Салық әкімшілігін жетілдірудің тиімді бір жолы сапалы салық бақылауында жатыр. Камералдық бақылау жұмыстары, салықтық бақылау шараларының арқасында 2014 жылдың 6 айында бюджетке 13 млн теңге өндірілсе, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде анықталған айырмашылықтар есебінен бюджетке қосымша 32 млн.теңге өндірілді.
Жыл сайын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектер өндіру жөнінен Қазалы ауданы облыстағы ең үздік нәтижелі ауданның бірі болып табылады. Сөзіміздің дәлелі ретінде көлік құралдары салығын әкімшілендіру жұмыстары нәтижесімен 21 млн.теңге берешек сомасы өндірілді. Сол сияқты міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер толық өндірілген және бүгінгі күнге қарыз жоқ.
Аудан әкімінің өкімімен ауданда көптеген мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, бюджеттік салық салу базасын ұлғайту мақсатында жұмысшы тобы құрылған болатын. Қазіргі таңда сауда үйлерінде тұтынушыларға чек талап етуді насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізіліп, тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға заңнамаға сәйкес салықтық бақылау шаралары тұрақты қолданылуда. Оған қоса іс-шараның бір тармағы ретінде такси қызметімен айналысатындарды тіркету назарға алынған еді. Аудан әкімінің қолдауы, біздің бас­тамамызбен және тиісті уәкілетті органдардың бірлескен іс-қимылы нәтижесімен рейдтік және түсіндірме жұмыстары арқылы жыл басынан бері 91 такси иесі дара кәсіпкер ретінде тіркеуге қойылды. Бұл нәтиже салық қызметкерлерімен қатар аудандағы осы іске жәрдемдескен мүдделі мемлекеттік органдардың ортақ жеңісі.

– Жаңа жүйе заманауи талаптарды жетіл­діруге иек артады. Бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілуде?
– Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру күн тәртібіндегі тұрақты талаптардың бірі. Салық төлеушілерге «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу» орталығы залында үзіліссіз қызмет көрсетіледі. Сонымен бірге салық есептіліктерін электрондық түрде тапсыратындарға «Терминал» арқылы жіберуге компьютер қойылып, арнайы бөлме бөлінген. Электронды үкіметтің маңыздылығы баршаға аян. Осы бағытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті порталының жанынан салық төлеушінің кабинеті ашылды. 2014 жылы аталған кабинетпен аудандағы салық төлеушілердің 97,3 проценті есептілік тапсырса, 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында электронды түрде ұсынылған 22 552 қызметпен көрсеткіш 100 процентке жетіп, төлеушілердің бюджетпен есеп айырысуы толыққанды электронды түрге көшті.

– Ұйымдастыра білгеннің ұтары көп. Алға қойған мақсаттарыңыз қандай?
– Халықтың саны мен салық төлеушілер жағынан аудан облыс бойынша ең іргелі аудандардың бірі болып саналады. Ауданның ерекшелігі сауда үйлері мен базарлар қатары мен сапасы күн санап артуда. Бүгінгі күнге патент негізінде жұмыс жасайтындар 1933-ті құраса, оңайлатылған декларациямен жұмыс істейтіндер саны – 1645 екендігін ескерсек, осыншама адамға басқарманың операциялық залында жұмыс атқаратын бірнеше қызметкердің күшімен сапалы қызмет көрсету қаншалықты қиын екендігі айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Осы орайда ел үкіметімен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету регламентін сақтай отырып, салық төлеушілердің, яғни, халық өкілінің мемлекеттік органға деген ризашылығына бөленудің кілті – жұмыс процестерін оңтайлы ұйымдастыруда екені сөзсіз. Бес жылда бағындырған белес көп. Басқарма алдағы уақытта да ел игілігі үшін қолайлы бастамалары мен нәтижелі шараларды жалғастыратынын, халық қазынасын толтыруда аянбай тер төге береді.

– Уақыт бөлгеніңізге рахмет!
Әңгімелескен
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
30 шілде 2019 ж. 1 102 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930