Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа салық кодексі түсіндірілді

Жаңа салық кодексі түсіндірілді

Салық мәдениетінің жоғары болуы үшін салық саясатын кең көлемде жүргізу заңдылықтардың бұзылуына жол бермейді. Осыған орай Әйтеке би кенттік клубта Жаңа салық кодексін салық төлеушілерге түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті.
Семинар кеңесті аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев ашып, жүргізді. Онда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшылары А.Айдыханов пен Қ.Айтбаев жаңа Салық кодексіне шолу жасап, өндірістік емес төлемдер туралы және жанама салықтарды әкімшілендіру қосымша құн салығы мен акциздердегі өзгерістер жайлы баяндады.
Мамандардың айтуынша, жаңа кодекс салық салу идеологиясын өзгертіп, салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, әкімшілік қызметтерді жеңілдетуге бағытталған. Бұл халық салықты өз бетінше төлеуге дағдылатын болады дегенге саяды. Салық төлеушілерге жер және мүлік салығын бір жыл кейінге қалдырып төлеуіне рұқсат берілді.
Ал камералдық бақылаудың тәртібі мен мерзімі және нәтижесін департаменттің бас маманы Л.Баярыстанова жан-жақты түсіндіріп өтті.
Семинар кеңесте салық төлеушілер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді. Салық төлеуші Т.Мүбереков түсіндірме жүргізуге келген мамандар мен мемлекеттік кірістер органдарына алғысын білдірді.
Басқарма басшысы Ф.Қожабергенов алдағы уақытта семинар-кеңесті салық төлеушілердің санаттары бойынша басқарма ғимаратының өзінде де өткізетіндігін жеткізді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

11 қаңтар 2018 ж. 1 668 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930