Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік салығын төлемегендер тексерілді

Көлік салығын төлемегендер тексерілді

Әйтеке би кентінде көлік салығын төлемеген салық төлеушілерді анықтау мақсатында Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы рейд ұйымдастырды. Жеке тұлғалардың көлік салығын әкімшелендіруді көздеген рейд жұмыстары барысында аудандық ішкі істер бөлімі жол патрульдік полициясының қызметкері М.Абдреев, жеке сот орындаушысы Н.Есдаулетов және мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Қайырбаевтар көліктерді салық төлеген-төлемегені жөнінде тексерді.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында «Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрі мiндетi» екендігі анық жазылған. Осыған орай Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аудандық жол полициясы бөлімшесінен жыл басында алынған тізімге сәйкес көлік құралы бар жеке тұлғалардың 7917 қөлік құралдарына талдау жұмыстары жүргізген. Оның ішінде салық заңнамасына сәйкес көлік салығын төлемеген, толық төлемеген жеке тұлғаларға хабарламалар жолданып, салықтарын өндіру жұмыстары қолға алынған. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төлеу, салық заңдылықтарын сақтау – мемлекетіміздің алдындағы ортақ борышымыз. Осы орайда Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері аудан тұрғындарына ҚР салық кодексіне сәйкес көлік салығын төлеу мерзімі желтоқсан айының 31-не дейін екендігін жеткізіп, меншігінде көлігі бар азаматтарға мүмкіндігінше бүгіннен бастап көлік салығын төлеуге шақырады.
Бүгінде салықтан жалтарған қазалылық көлік иелерінің саны 1228 адамға жеткен. Қазалы ауданы бойынша көлік салығы бойынша қордаланған қарыз 1 млн 250 мың теңге. Салықшылардың дерегінше, қарызын төлемегендер арасында ауданымызға белгілі адамдар да жетерлік. Алдағы уақытта көлік салығын төлемегендердің құжаттары тиісті заңдылықтарына байланысты сотқа жолданып, мүлкінің есебінен өндірілетін болады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
05 маусым 2018 ж. 3 347 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 122

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031