Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оң көзқарас қажет

Оң көзқарас қажет

Бұрынғы салық қызметкері болғандықтан шығар үнемі бір бүйрегім осы салаға қарай бұрып тұратыны рас. Олардың жетістігіне бірге қуанып, орындалмай жатқан шаруаларына жанашыр болып жүремін.
Бір атап өтерлік жағдай, туған жеріміз облыс аудандары арасында кәсіпкерлер саны жағынан көшбасшы болып табылады. Олардың саны бүгінде 4220-ға жетіп мемлекет қазынасына қомақты қаржы құйып отыр.
Әрине әрбір елдің күш-қуатын арттыратын тиімді тетігі – салық жүйесі. Сондықтан тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін нығайтып, экономикалық үдерісін көтеруде мемлекеттік кірістер органының атқаратын еңбектері ерекше. Олардың негізгі міндеттерінің бірі – бюджетке тиісті түсімдердің түсуінің толықтығын қамтамасыз ету екендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Дегенмен арамызда мемлекеттің тірегі салық екендігін, оның халық ырзығы ел игілігіне жұмсалатынын түсінгісі келмейтін салық төлеушілер әлі де баршылық. Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан мұндай азаматтар мен азаматшаларға заң жүзінде шара қолдану бақылауға алынған. Айталық 2018 жылы Қазалы ауданы бойынша кірістер басқармасы көлік салығынан 275200 теңгеден астам қарызды өндіру жөнінде аудандық сот орындаушыларына 10 жеке тұлғаға қатысты талап арыз жолдапты. Сол арқылы бүгінгі күнге дейін 5 адамнан 124200 теңге қайтарылыпты. Қалған 151000 теңге өндірілу үстінде.
Осындайда жөнсіздікке бармай «Тұрғындар игілігіне пайдаланып жүрген жеке көлігі үшін тиісті салықты уақытылы төлеп тұрса қайтеді?» деген ойға берілемін.
Айта кететін жайт, мемлекеттік салық түрлерін төлеу мерзімінен кейінгі әр күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк бекіткен қайта қаржыландырудың ресми бағамының екі жарым процент мөлшерінде өсімақы есептелінеді. Сонымен бірге банктегі есепшот карталары автоматты түрде бұғатталып, қарызы өтелген күннен үш күн өткен соң ғана ашылады. Республика аумағынан сыртқа шығуға сот арқылы тыйым салынатын жағын да естен шығармайық.
Ғұлама педагог В.А.Сухомлинский: «Заңға, тәртіпке, реттілікке, тұрмыс нормаларына бағына біл» депті. Ендеше тәртіпке бас иіп, салық қызметкерлерінің талап-тілектеріне оң көзқарас қалыптастыра білейік.
Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы саласының ардагері
29 қаңтар 2019 ж. 1 076 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930