Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жан жадыратқан жаңа жоба

Жан жадыратқан жаңа жоба

Бұған дейін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде «Жайлаудағы ауыл» атты жобаның қолға алынғандығы туралы жазған болатынбыз. Жобаның керемет-тігі – тұрғындар мен аудан қонақтары «Жеңіс» саябағының ауласына орналасқан қазақтың киіз үйінде қонақ болып, жылқыға мініп серуендей алады. «Жайлаудағы ауылда» әр сенбі сайын түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Өткен сенбіде аудандық мәдениет орталығы қызметкерлерінің ұйым­дасты­руымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалалық мақаласы және Жастар жылына орайластырылып, жылжымалы мәдени-демалыс кешендерінің «Ел болашағы жалынды жастар» атты мерекелік концерті өтті.

Шара кешен өнерпаздарының салт-дәстүрден сыр шертетін көрінісімен ашылды. Ұлттық киім киген өнерлі қыз-жігіттер жарыса жырдан шашу шашып, әуелете ән салды. Мың бұралған биші қыздар сахнаның сәнін келтірді. Сондай-ақ Байназар Өтеп атындағы жыраулар мектебінің меңгерушісі Ж.Өмірзақ Нұртуғанның «Құлақ салып сөз тыңда» термесін, күйші Т.Сәдуақас күйлерден попурри орындады. «Ақжелең» би тобының бишілері «Жайлау», «Хоррезм» билерін билесе, кешен меңгерушілері Г.Досан, И.Рсалиева және өнерпаздар Ә.Сариев, Б.Ұзақбаев, А.Оспанова, Б.Өмірзақ, С.Жақсылық та өнерімен көрермендер қошеметіне бөленді.

Осы күні аудандық орталық кітапхана ұжымы 6 шілде – елорда күніне орай «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесін келушілер назарына ұсынды. Денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен асық ойыны да тартысты өтті.

«Бұнда келушілер күн сайын атқа мініп серуендеп, киіз үйде қонақ бола алады. Мәдени-көпшілік шаралар өткізу әр аптаның сенбі күніне жоспарланған. Жоба қыркүйек айына дейін жұмыс істейді», – дейді ұйымдастырушылар.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

10 шілде 2019 ж. 1 430 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930