Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шенеуніктер Қазақстанда құрастырылған көлікпен ғана жүретін болды

Шенеуніктер Қазақстанда құрастырылған көлікпен ғана жүретін болды

2017 жылы ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелер 6 млрд теңгегеден көп ақшаға Қазақстанда құрастырылған авто сатып алды. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» одағының төрағасы Олег Алферов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Мұнымен қатар, ол ұлттық компаниялардың шетелден 7,5 есе көп көлік сатып алып отырғанына назар аударды.
«Мұндай тенденция тендерде отандық өнімдерге қатысты жеңілдіктер азайғандықтан байқалып отыр. Қазақстанда құрастырылғандардың сапасы шетелдік көліктермен бірдей әрі бағасы да арзан. Бұл фактіге осы уақытқа дейін бірнеше рет назар аударылған болатын. Мұнымен қатар, біз Қаржы министрлігіне заң жобасын жібердік. Аталған заңда қазақстандық өнімге тиесілі жеңілдіктер мен шенеуніктердің категориясына сай көліктерді сатып алуға қатысты ұсыныстар жазылған», – дейді Алферов.
Мемлекеттік сатып алу тақырыбын жапқан Алферов 2017 жылдың қорытындыларына көшті. 2016 жылмен салыстырғанда автобизнес саласынан түскен салық мөлшерінің 2,4 есе өскені анықталды. Айтуынша, сауда-саттық және көлік өндірумен айналысып жүрген қазақстандық кәсіпорындардың арқасында бюджетке 44,5 млрд теңге көлемінде ақша түскен.
ЖІӨ өз кезегінде 39% өсіп, 149,8 теңгеге жетті.
baq.kz
24 қаңтар 2018 ж. 1 356 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 105

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 108

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 80

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031