Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы жылы елімізде 90 түрлі дәрі-дәрмек тегін таратылатын болады

Алдағы жылы елімізде 90 түрлі дәрі-дәрмек тегін таратылатын болады


Қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы «СҚ-Фармациямен» тікелей шарттары шеңберінде 22 шетелдік өндірушілер дәрілік заттардың 90 түрін жеткізетін болады. Тағы бір шетелдік өндірушімен 4 препаратты жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Тікелей шарттар бойынша 2018 жылға сатып алудың жалпы сомасы 30,5 млрд. теңгені құрайды. Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда тіркелген аналогтары жоқ, яғни осы препараттарды сатып алу барысында бәсекелестік ортасы жоқ дәрілік заттарды тікелей сатып ала алады.
«СҚ-Фармацияның» стратегиясы және халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Шынар Кулиеваның айтуынша, Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу кезінде тікелей шарттар жасасу Бірыңғай дистрибьютор қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
«Шетелдік өндірушілермен тікелей ынтымақтастық ерекше маңызға ие, себебі делдалдарсыз сатып алу бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуі мүмкін», - деді Шынар Кулиева.
2011 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор тікелей шарттар жасауды жүзеге асыруда. Осы уақыт ішінде «СҚ-Фармацияның» тұрақты серіктестері «ГлаксоСмитКляйн», «Ново Нордиск», «Пфайзер», «Новартис», «Тева» және басқалар сияқты фармацевтикалық алыптар болды. Алайда, Шынар Кулиеваның айтуынша, дәрі-дәрмектердің осындай көлемін тікелей сатып алу Бірыңғай дистрибьюторы жұмысының барлық уақытында алғаш рет мүмкін болды.
«Биыл Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі салықсыз дәрілердің 350-ден астам атауын қамтыды. Біз осы препараттардың барлық өндірушілерін тікелей сатып алуға шақырдық, ал олардың 22-і 90 түрлі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы келісімге келді », - деп түсіндірді Шынар Кулиева.
Осы шарттар бойынша дәрі-дәрмектердің алғашқы партиясы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына жөнелтілуде.
Сонымен қатар, 2018 жылы Бірыңғай дистрибьютор халықаралық ұйымдармен дәрілік қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. АИТВ-мен ауыратын науқастарды емдеуге арналған 14 антиретровирустық препараттар ЮНИСЕФ арқылы тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін жеткізіледі. Осы жылы Бірыңғай дистрибьютор БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқылы вирустық гепатитті емдеуге арналған препаратты сатып алуды жоспарлап отыр. ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ-нан жалпы құны 5,8 млрд теңгеге дәрілік заттарды сатып алынады.
Baq.kz
08 қаңтар 2018 ж. 1 718 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930