Қазақстанда электр энергиясының бағасы қымбаттады
Осы жылдың басынан бері өсім 19%-дан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша осы жылдың тамыз айында электр энергиясының тарифтері электр плиталары қолданылған жағдайда 100 кВт/сағ үшін 1,5 мың теңге және электр плиталары қолданылмаған жағдайда 1,4 мың теңгеңі құрады, деп хабарлайды LS.
2020 жылдың тамызымен салыстырғанда баға орташа есеппен 24%-ға өскен. Бұл ретте осы жылдың басынан бері өсім 19%-дан асты.II деңгейдегі тұтынушылар үшін тариф айтарлықтай қымбаттаған жоқ – жыл басынан бері 17,5-18,4%-ға, 100 кВт/сағ үшін 1,8 мың теңгеге дейін. Жылдық өсім шамамен 21%-ды құрады.III деңгейде өсім жоғары болды: жыл басынан бері – 18,2-19,2%-ға, 100 кВт/сағ үшін 2,3 мың теңгеге дейін. Жылдық өсім – 21,3-22,4%.Сонымен қатар, өңірлер арасында ең арзан тариф тамыз айында Ақтөбе мен Атырауда байқалды – I деңгейде 1 мың теңгеден аз. Ең жоғары тарифтер Алматы мен Ақтауда тіркелді – 100 кВт/сағ үшін 1,7 мың теңгеден астам. Нұр-Сұлтанда электр қуаты 100 кВт/сағ үшін 1,1-1,2 мың теңге тұрады. Шымкентте – 100 кВт/сағ құны шамамен 1,5 мың теңге.Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін электр энергиясы бағасының өсуі болжанып отыр. Әкімдік белгілеген электр энергиясын тұтыну деңгейіне байланысты тарифтер есептеледі. Мысалы, Алматыда тұтынудың I деңгейі – бір тұрғынға 90 кВтс-қа дейін, тұтынудың II деңгейі – 90 кВтс-тан 160 кВтс-қа дейін, III деңгейі – 160 кВтс-та жоғары.