Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың еуроға қызығушылығы 1,5 есеге өсті

Қазақстандықтардың еуроға қызығушылығы 1,5 есеге өсті

  Еуро нетто-сату көлемінің жылдық өсімі ҚР-ның барлық аймақтарында тіркелді. Ең үлкен көлем Алматыға тиесілі: 121,2 млрд теңге, жыл ішінде 47,5%-ға өсті. Екінші орында — Нұр-Сұлтан: 33,6 млрд теңге — 2018 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 15,2%-ға артық. Қарағанды облысы үшінші орынды иеленді: 16,3 млрд теңге, бір жылдағы өсім — 57,2%.

  Алматы облысында (2,5 есе, 1,6 млрд теңгеге дейін), сондай-ақ Павлодар облысында (2,4 есе, 7,9 млрд теңгеге дейін) және СҚО-да (2,3 есе, 2,8 млрд теңгеге дейін) евроға деген қызығушылықтың ең жоғары жылдық өсімі байқалды. ШҚО-да еуроны нетто-сату көлемі 2 есеге өсті — 6,3 млрд теңгеге дейін.

  Тамызда айырбастау пункттерінде еуроның нетто-сатылымының ең төменгі көлемінің бірі байқалды: 25,1 млрд теңге (қаңтарда — 14,9 млрд теңге болған), 2019 жылдың шілде айымен салыстырғанда 43%-ға және 2018 жылдың тамызымен салыстырғанда 2,9%-ға кем.

  Бұл ретте еуроның ресми орташа бағамы тамыз айында орташа 430,39 теңгені құрады — өткен жылдың тамызына қарағанда 4,6%-ға артық, бірақ шілде айына қарағанда 0,1%-ға кем.

  Ресми бағам тамыз айының соңында 1 еуро үшін 430,36 теңгені құрады — шілде айының соңына қарағанда 0,4%-ға және 2018 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары.

  Еуроның ресми айырбас бағамы қыркүйекте орташа 426,33 теңгені, қыркүйектің соңында 423,49 теңгені құрады.

  ҚР аймақтары арасында еуро сату көлемі бойынша 2019 жылдың тамыз айында мегаполистер көш бастады: Алматы — 12,2 млрд теңге, шілде айына қарағанда 37,7%-ға кем; Нұр-Сұлтан — 3,8 млрд теңге, 56,7%-ға кем; Шымкент — 1,9 млрд теңге, 42,7%-ға кем.

  Тамыз айында еуроны нетто-сатудың оң көлемі ҚР-ның барлық өңірлерінде байқалды. Ай сайынғы өсім байқалған жалғыз аймақ — БҚО: 6,7%-ға, 700,8 млн теңгеге дейін.
24 қазан 2019 ж. 1 046 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 165

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 219

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728