Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерге қолдау бар

Кәсіпкерге қолдау бар

Қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша 4 423 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, жұмыс жасауда. Шағын кәсіпкерлік саласында 12 айда 8419 адам жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында көптеген жан қолдау тауып, кәсіпкерлер қатары артуда. Осы жылдың 5 айында аудан кәсіпкерлері мен ісін жаңадан бастаушыларға сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан 175 өтініш бойынша 831,4 миллион теңге несие, грант қаражаты берілген.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметінше, «Бизнестің жол картасы–2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 305,5 миллион теңгені құрайтын 10 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялау үшін мақұлданды. Бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 9 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 115,5 миллион теңге кепілдік берілген. Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезең» жобасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық экономика басқармасына және Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінімі тапсырылды. Жоба құны 314,2 миллион теңге. Осының нәтижесінде 2020 жылға «Электрмен жабдықтау» жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Мердігер мекеме – «АБМ Билдинг 2007» ЖШС. Сонымен бірге «Сумен жабдықтау» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз етуге 148,9 млн теңге бөлінді. Қазір бас мердігер «ҚазқұрылысСервис» ЖШС сумен жабдықтаудың сыртқы желілері, канализация, телефонизация, электрмен және газбен жабдықтауда.
Бұдан бөлек «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3 жоба мақұлданды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиеге өтініш білдірген 53 кәсіпкердің жобасы қолдау тапты. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша КС «Қазалы Несие» ЖШС тарапынан 6 кәсіпкерлік субъектісіне 46,2 миллион теңге несие берілген. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Мал шаруашылығын дамыту» жобасы аясында 2 кәсіпкер несиеге қол жеткізді. Бағдарламадан тыс екінші деңгейлі банк арқылы да кәсіпкерлер қолдау көруде.
Қазіргі кезде аудандық кәсіпкерлер палатасында қаржы ұйымдарына ұсыну үшін барлығы 1 026,5 миллион теңгені құрайтын 184 жоба жинақталған. Сала мамандары бұлар да шешімін табады деген сенімде. Осы жылы 20-дан астам кәсіпкерлік нысаны пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл арқылы 100-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Жыл басынан бері 74 адамды жұмыспен қамтитын 12 нысан пайдалануға берілді. Мәселен, «AquaService» көлік жуу кешені – 4, «MishkiKhan» гүлдер орталығы – 2 , «Tele 2, Altel» ұялы байланыс салоны – 3 , «ELO-oil» жанар-жағармай бекеті – 1, «Бизнес орталығы» жобасы – 1, «Тілеулес» мейрамханасы (Бекарыстан би ауылы) – 13 , «Мирас» сауда орталығы («Магнат» супермаркеті – 10 адам, «Мечта» электроника дүкені» – 30 адам), «Lux» көлік жуу кешені – 2, Ш.Наурызбаевтың жылыжай кешені – 2, А.Есекешовтің «Arzan» көлік жуу, өз-өзіне қызмет көрсету кешені – 2, Ж.Амановтың «Сауда үйі» – 1, «Бумер» көлік жуу кешені – 3 адамға жұмыс берді.
– Елдегі ахуалға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, прокуратура, полиция бөлімі және Әйтеке би кенті әкімдігі аудан орталығындағы қоғамдық тамақтану орындарына, кафе, мейрамханаларға және сауда базарларына рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізді. Онда кәсіпкерлерге нысандардың қызметін шектеу, келушілер санын белгіленген адамнан асырмау жөнінде, санитарлық, дезинфекциялық шараларды күшейту және төтенше жағдай режимі сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары жөнінде түсініктемелер берілді. Осы орайда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында олардың несиелері бойынша мерзімін ұзарту, төлемдерді уақытша тоқтату шараларына аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қолдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 27 кәсіпкерлік нысан басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, жалға алушы кәсіпкерлерді арендалық төлемдерден босату мәселесі пысықталды. Нәтижесінде 20 сауда базары, сауда үйлері мен орталықтарының басшыларымен арендалық төлемдерді 25 процентке төмендетуге келісім жасалса, қызметтері тоқтаған сауда орындарының жалға алушылары үшін арендалық төлемдер уақытша тоқтатылды, – дейді кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
04 шілде 2020 ж. 954 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930