Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағын және орта бизнес: Бірқатар ауданда белсенділік жоғары

Шағын және орта бизнес: Бірқатар ауданда белсенділік жоғары

Бүгінде кәсіп ашамын дегендер үшін елімізде барлық жағдай қарастырылған. Тек оны игеріп әкететін айқын мақсатыңыз бен талабыңыз керек. Аймақта да бұл салада ауқымды жұмыстар жасалуда. Әсіресе, аудандарда ілкімді істер жетерлік. Мәселен, бүгінгі күні Қазалы ауданында кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4404 бірлікті құрауда. Оның 681-і осы жылдың 9 айында тіркелген. Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік 3722-ге жеткен. “Бастау-Бизнес” жобасы бойынша 60 қатысушы 213,2 млн теңге көлемінде несие алып, кәсібін жандандыруда.
Ал, “Бизнес-Кеңесші” жобасы аясында 186,9 млн теңге болатын 64 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ, стартап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға жыл соңына дейін 25 қатысушыға 240 мың теңгеден 6 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант белгіленіп отыр. Мұнан бөлек, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы негізінде ауданнан құны 130 млн теңгені құрайтын 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие алып, “Даму қоры” АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. Бағдарламаның мемлекеттік гранттық қаржыландыру компоненті аясында құны 15,1 млн теңгенің 19 жобасы мақұлданған. Қазіргі таңда кәсіпкерлер қаражаттарын алып, есептіліктерін тапсыруда.
Сонымен бірге Қазалы ауданында аудан кәсіпкерлері тарапынан өз қаражаттарымен түрлі кәсіпкерлік нысандар салынуда. Атап айтсақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан «Синойл» жанар-жағармай құю бекеті іске қосылған. Жақын арада “Қазалы керуен” сауда-логистикалық орталығы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, көкөніс сақтайтын қойма, жылыжай, дәріхана, түрлі сауда орталықтары мен тойхана құрылыстары аяқталып, жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.
Өндірісі өрлеп, кәсіпкерлікті нәсіпке айналдырған аудандардың бірі – Шиелі ауданы. Бұл өңірде де алға ілгерлеушілік басым. Кентте бүгінгі күнге дейін шағын және орта бизнес бойынша 3026 субъект тіркелген. Оның ішінде тоғыз айдан бері 346 кәсіпкер, бір шаруа қожалығы бар. “Бизнес-Кеңесші” жобасы негізінде 35 азамат 122,8 млн теңге несие алып, кәсіптерімен айналысуда. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы шеңберінде ауданда жалпы құны 111 млн теңгені құрайтын 4 жоба екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландырылған. Ал, қайтарымсыз грант есебінен құны 15,3 млн теңгені құрайтын 24 жоба жеңімпаз атанған. Мұнымен қоса, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кенттен индустриялық аймаққа 96 гектар жер бөлініп, 6 бизнес жобаға 62 гектар жер телімі табысталып отыр.
Мұндай ауқымды тірлік Сырдария ауданында да жасалуда. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шағын несиелендіру бағыты бойынша 466,9 млн теңгені құрайтын 163 жоба қаржыландырылған. Бүгінде бизнесті қолдау мен дамытуда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ерекше маңызға ие. Аталған бағдарлама шеңберінде биыл барлығы 171,6 млн теңгенің 38 жобасына қолдау көрсетіліп, 41 жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы құны 92,5 млн теңге болатын 14 жоба, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша Өңірлік инвестициялық орталығынан 94,3 млн теңгенің 29 жобасы қаржыландырылды. Жалпы, Сырдария ауданының 2017-2021 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес құны 299,5 млн теңгенің 80 жобасы іске қосылған. Бұл жобалар негізінен кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен жүргізілуде.
Елбасы Н.Назарбаев «Еңбек етуші халықтың 60 проценті шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады» деген болатын. Бұл ретте аймақтағы шағын және орта бизнестің дамуы өз кезегінде үдеден шығуда.
24 қараша 2018 ж. 1 697 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031