Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік саласында серпіліс бар

Кәсіпкерлік саласында серпіліс бар

Өткен жылы ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 684,2 млн теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, екінші деңгейлі банк арқылы несиелендірілді. Оның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы субсидиялау үшін мақұлданды.

Бұл туралы әкімдік мәжілісінде «2019 жылда кәсіпкерлік бағытында атқарылған жұмыстар және 2020 жылғы міндеттер туралы» баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов баяндады.
Бөлім басшысының айтуынша, ауданда туризмді дамытуға байланысты да бірқатар шаралар атқарылады. Мәселен, биыл Әйтеке би кентінен Арал ауданы бағытында 7 шақырымда орналасқан «Қашқан су» учаскесінен «СПК Қызылорда балық» ЖШС 3 гектар жер учаскесін алып, «Бақыт» көпсалалы қызмет көрсету кешенін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге тиісті мекемелерден техникалық шарттар алынуда.

Әкімдік мәжілісінде қаралған келесі мәселе жергілікті бюджеттен қаржылан­дырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда 2019 жылғы мемлекеттік сатып алудың орындалуы және 2020 жылғы жоспардың бекітілу барысы жайлы болды. Бұл жөнінде аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Нұрлан Толыбаев айтып берді.

Басқосу мұнан әрі аппарат мәжілісіне жалғасты. Мұнда күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров баяндама жасап, 2019 жылдың қорытындысымен барлық деңгейдегі бюджеттер болжамының орындалуы және алдағы мақсат-міндеттерді таныстырды.
Аудандық экономика және бюджеттік жос­парлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы атқарылатын шараларды тілге тиек етті.

Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданында барлық салада алға ілгерілеушілік барын жеткізді.
– Біздің өңір экономикалық дамудың 7 көрсеткіші бойынша үздік 8 облыстың қатарында. Бұл көрсеткіште біздің ауданның да қомақты үлесі бар. Бұл жөнінде кешегі қорытынды есеп беру жиналысында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Самұратұлы да хабардар етті.
Бұл бірлесіп жасаған жұмысымыздың нәтижесі. Дегенмен қол жеткізген жетіс­тіктерге және көрсеткіштерге тоқмейілсуге болмайды. Өйткені алдымызда Президент жүктеген ауқымды міндеттер тұр. Аймақ басшысы да хаттамалық тапсырамалар беріп отыр. Сондықтан әлі де болса жұмыс қарқынын күшейтуіміз қажет, – деген аудан басшысы мәжілісті қорытындылады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ

08 ақпан 2020 ж. 1 046 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930