Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Қазіргі таңда қай елде де экономикалық ахуал мәз емес. Өйткені әлемді жайлаған коронавирус тұтастай өндіріс орындарының жұмысын тоқтатып, тауар айналымын тежеді. Мемлекет басшысы айтқандай бұл ауыр кезеңде қиындыққа мойынсұнуға болмайды. Керісінше, дағдарыстан жаңа мүмкіндік іздестірудің таптырмас мезгілі саналады. Осы орайда алдымен кәсіпкерлік саласы ойға оралады. Үкіметтің көп кезеңді қолдау-көмегінің арқасында кәсіпкерлер төтенше жағдайдан кейінгі уақытта да табысты жұмыс істей алады. Себебі қазірдің өзінде аудандағы кәсіпкерлердің белсенділік көрсеткіші 96,1 процентті құрап отыр.
Биылғы жылдың қаңтар мен сәуір айы аралығындағы есепке сәйкес Қазалыда 4364 кәсіпкерлік субъектілері тізімге алынған. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда 89 кәсіпкерге көп. Соңғы мәліметтерге сәйкес 289 заңды тұлға, 3138 жеке кәсіпкер мен 940-қа жуық шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Олар биылғы төрт ай ішінде бюджетке 52 миллион теңгеге жуық салық төлегені тағы бар. Демек елдегі жағдайға қарамастан кәсіпкерлік саласында ілгерілеушілікті анық байқауға болады.
Бұдан бөлек жергілікті өнеркәсіп өнімі мен өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің де несібесі былтырғыдан еселеніп, нәтижесінде 8419 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Тек бөлшек сауда көлемі ғана 2019 жылдың осы уақытындағыдай сауда жасай алмады. Бұл бүгінде 86,2 процентті көрсетті.
Жалпы аталған мезгілде аудан кәсіпкерлері мен ісін жаңадан ­бастаушылардан сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдарына 80 өтініш жолданған. Оның ­басым бөлігі қолдау тауып, жалпы көлемі 300,3 млнтеңге несие мен грант қаражаты берілді. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасымен Өңірлік инвестиция орталығы 10 жобаға 27,8, ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қорынан 17 жобаға 47,7 млн теңге қаржы бөлінген. Тағы 47 бизнес-идея «Қарапайым заттар экономикасы», «Қазалы-Несие» кредиттік серіктестігі мен «Стартап» грант жобасы арқылы қолдау тапты.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 145,5 млн теңгені құрайтын 6 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржы алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. Бұл аз десеңіз, бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 5 жобаға «Даму» қоры 45,9 млн теңгеге кепілдік берді.
Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезеңінің», электрмен жабдықтау жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ «Сумен жабдықтауды» іске асыру үшін жоба-смета құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен 70,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бұған қоса қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – «Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету» жобасына 148,9 млн теңге қарастырылды. Ал қазіргі кезде қаржы ұйымдарында 481,0 млн теңгені құрайтын 7 жоба талқылануда.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің берген ақпарына сенсек соңғы төрт айда 40 адам 200 айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) көлеміндегі грантқа ие болды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
19 мамыр 2020 ж. 829 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930