Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 100 жоба қаржыландырылды

Қазалыда 100 жоба қаржыландырылды

Өткен жылы Қазалы ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 млрд. 800 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға артық.
Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші 5 жылдығында 17 жоба толық іске қосылса, биыл осы бағдарлама аясында «РЗА» АҚ-ның ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II ші кезеңі аспақ. 2,5 млрд. теңге құрайтын жобаны іске асыру арқылы мал басы 1200 басқа ұлғаяады деп күтілуде.
Кәсіпкерлерге субсидия беру, арнайы грант арқылы қаржыландыру жалғасын тапты. Жыл көлемінде 12 жоба субсидияланып,5 кәсіпкерге 6 млн. теңге қайтарымсыз негізде грант берілді.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде 100 жоба қаржыландырылды.
Нәтижесінде, жыл көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігі артты. Кәсіпкерлер қатарына жаңадан 620 адам қосылды. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» жалпы құны 172 млн. теңгені құрайтын жаңа8 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге оның 4-і іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС-не Әйтеке би кентінен 2,5 гектар жер учаскесі беріліп, қалааралық автовокзал құрылысы салынды. Қазір инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл іске қосылады.
Бұдан басқа, ауданнан құс фермасын ашуға инвестормен келісім жасалып, жері белгіленді.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолы бойында 5 сервистік қызмет көрсету нысандарын салу қолға алынды. «Мирас» және «Арзан сити» кешендері пайдалануға беріліп, қалған 3 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта осы жолдың бойынан жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін жыл бойы сатуы үшін арнайы 5 гектар жер бөліп, көтерме сауда қатарын салудың жолдары қарастырылуда.
Осындай жобалардың нәтижесінде салада өндірілген өнім көлемі өткен жылы 103 пайызға жетті.
01 ақпан 2018 ж. 2 380 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031