Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арамызда ерекше байланыс бар

Арамызда ерекше байланыс бар

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, композитор Роза Әлқожа айтыскер ақын, композитор, көптеген хит әндердің авторы Шынберген Сүлейменов екеуі араларында қандай байланыс барын айтты.

Сыр елінің талантты тумасы Шынберген Сүлейменовке «Шайыр Шынберген», «До, ре, ми» әндерін арнаған автор былайша бөлісті.

— Шынберген ағаның өзінен бұрын өнерімен достастым. Мен білім алған қарашаңырақ — ҚазМУ-дың журналистика факультетінде қазіргі белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек ағалармен бірге осындай дарынды жан тәлім алғанын көпшілік айтатын.

Алғаш 2008 жылы Атырау облысының Құлсары ауданында кездестік. Одан кейін Талдықорған қаласында ән сапарда бірге өнер көрсеттік. Сол күні ол кісі екеуіміз ән туралы ойларымызды ортаға салдық.

Таныстықтан кейін жаңа әндеріміздің алғашқы тыңдармандары, сыншылары болып, осылайша рухтас адамдарға айналдық. Елде әнші де көп, ақын да көп. Бірақ құстың қос қанатындай қос жанр — саз бен сөзді қатар алып жүретіндері аз. Қазіргі күні арамызда туыстыққа ұласып кеткен ерекше байланыс бар.

Шынберген ағаның басына сынақ түскен кезде қатты жабырқадым. Жылдар өтіп, қиналып шығарған шығармаларымды бүгін көтеріңкі көңіл-күйде орындап жүрмін. Мұның сыры, халықтың өнерге деген өлшеусіз ықыласы, алғаусыз көңілінің жарқын көрінісі дер едім, — дейді Роза Әлқожа өз қатыстарын өнерге деген құрметтен туындаған сыйластық үлгісі екендігін айтып.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
19 наурыз 2019 ж. 1 997 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031