Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз тию дегеніміз не?

Көз тию дегеніміз не?

Көз әлсіз, энергетикалық жағынан қорғалмаған немесе әлсіз қорғалған адамға тиеді. Адамның көз тиюге де, дуаға да сенбегені дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, бір нәрсеге сенбеу жүз пайыздық қорғаныс әкелмейді. Көз тиюден, дуадан дінге сенетіндер де, сенбейтіндер де, идеалистер де, материалистер де, демократтар да, коммунистер де сақтандырылмаған. Егер олай болмаса, онда барлық белгілері көз тию мен дуаға ұқсас созылмалы қажу синдромы пайда болмас еді.
Кейбір адамдармен араласу қуаныш әкеліп, жаңадан күш сыйласа, енді біреулерден қатты шаршап, өзімізді жайсыз сезінетінімізді бәрі біледі. Егер сол адаммен байланысымызды үзсек, онда шаршағандық басылса, бұл қарапайым вампирлік. Ал егер олай болмаса ше? Биоөрісі әлсіз және мінезі ынжық адамдарға биоөрісі күшті және мінезі қатты кез келген адам көз тигізе алады. Көз тию – бұл бір адамның екінші адамға теріс биоэнергетикалық әсері. Ол көз тиген адамның қоршаған ортамен энергия алмасуын бұзады. Көз өткен адамның биоөрісінде энергетикалық «тесіктер» пайда болып, солар арқылы адам бойындағы энергия ағып кетеді.
Көз тию дегеніміз – тек сіздің таныстарыңыздың бірінің саналы түрде жасаған жаман ниеті емес. Сіздің көршіңіз «Қызыңыз қандай әдемі!» дегенде, ол көршіңіздің өзі де сөзінің астарына мән бермейді, ал сөз астарында оның өз балаларына көңілі толмауы, іштарлық. Басқа біреудің өзінен гөрі бақытты екенін қаламау жатыр. Егер оның энергетикасы күшті болса, оның қызыңызға айтқан жақсы сөзі емес, санадан тыс білдірілген жағымсыз ойы тиюі мүмкін. Қызыңыз кенеттен әлсіреп, жиі суықтап қала беретін болады. «Көз тиді...». Көптеген аналар балаларының суреттерін жұмыс орнында көпшіліктің көз алдында ұстайды. Бұл дұрыс емес, өйткені сурет арқылы да көз тиюі мүмкін. Сізді көре сала мақтай жөнелетін адамдардан аулақ жүріңіз, өйткені олардың сылдыр мақтауларының аржағында көбінесе жайсыз ойлар жасырынып жатады. Егер сіздің биоэнергетикалық қабығы берік болмаса, онда оны тесіп өту қиын емес.
Егер көз тиюдің негізі іштарлық болса, ол бір адамның екіншісіне деген жек көрушілігінен туындайды. Жек көрушілік – біреуге жамандық ойлау, қастық, ыза, жиіркеніш. Жек көрудің биоэнергетикалық дірілі іштарлыққа қарағанда әлдеқайда күшті. Іштарлық етуші өзінің қызғанышын жасыра алады, ал жек көрген адам керісінше өзін ұстай алмай, ширығып тұрады. Іштарлық нақты бір нысандарға бағытталады: біреудің әдемілігін, күшін, денсаулығын, зиялылығын, дарынын және т.б. ерекше қасиеттерін қызғану. Сондықтан іштарлықтан болған көз тиюде ағзаның қандай да бір органдары мен жүйелерінің жұмысын басқаратын чакраларға зиян тигізеді.
Әдейі жасалған көз тию, дуаның белгілері әдейі жасалмаған көз тиюдегі сияқты, тек ол анағұрлым күші және әсер ету аумағы кең болады. Және өкініштісі, әдейі тиген көз әдетте өте тез болады.
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан қысқартылып алынды


23 қазан 2018 ж. 3 379 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930