Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?

Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?

АҚШ-тың Вашингтон университетінің ғалымдары коронавирустың қалай адам өкпесіне түсіп, зиян келтіретінін виртуалды технология арқылы көрсетіп берді.
Мұны Джордж Вашингтон университеті жанындағы аурухананың ресми сайты хабарлады. Университет мамандарының айтуынша, коронавирусқа шалдығуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға 50 жастағы науқас келіп түскен екен. Басында аурудың белгілері еш байқалмаған. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін науқас адамның жағдайы қиындап, өкпесіне вирус тарап кеткені белгілі болады. - Коронавирустың бастапқы белгілері әлсін-әлсін білінеді. Байқалмауы да мүмкін. Бірақ кейін ауру тез асқынып, өкпеге күш салады. Егер өкпенің қабынуы жақын арада басылмаса, өкпеге беріш түсіріп, ауыр зақым келтіреді. Содан адамның тыныс алуы да қиындайды, - дейді Джордж Вашингтон университетінің омырау хирургиясы бөлімінің жетекшісі Кит Мортман.
Ал науқастың өкпесіне жайылған вирустың сұлбасын визуалды технология арқылы көрсетіп, вирустың қаншалықты тез таралатынын бейнелеген. Кадрда COVID-19 вирусы 19 жасыл түспен белгіленген. - Видеода вирустың өкпеге қалай тарағаны анық көрінеді. Өйткені өкпенің сау және ауру жасушасы бөлек-бөлек көрсетілген, - дейді дәрігер. Дәрігердің айтуынша, COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастардың 20 пайызға жуығы қатты ауырады, өкпесі қабынуға душар болады. Мұндай науқастарды қолмен тыныс алдыруға тура келеді. Вирустың ересек, қария адамдармен қатар жастарға да қауіпі зор. Өйткені АҚШ-та ауруханаға түсіп жатқандың көбі – жастар. Ауру жұқтырып, алайда симпоматикалары білінбеген азаматтардың өзі індет жаюшы ошаққа айналуы мүмкін. Өйткені вирус өте жұқпалы.
- Бұл бүкіл адамзатты жайлаған ғаламдық індет. Оған бейқам қарауға болмайды, - дейді Кит Мортман.
29 наурыз 2020 ж. 730 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031