Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша “қолтықтан” алмасын десеңіз...

Қызылша “қолтықтан” алмасын десеңіз...

Ел ішінде өткен жылдың аяғына қарай инфекциялық жұқпалы аурудың біріне жататын қызылшамен науқастанғандардың қатары артқан. Бұл көрсеткіш әлі де төмендер емес. Өзге өңірлерді айтпағанның өзінде Қызылорда облысында қазіргі таңда қызылша ауруының 2 жағдайы тіркелген. Бұл салыстырмалы түрде алып қарасақ алаңдауға еш себеп жоқ сияқты. Бірақ қызылшадан келетін қауіптің алдын алмаса қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.
Біз осы ретте қызылшаның алғашқы белгілері, оны емдеу жолы қандай екенін білу мақсатында аудандық орталық аурухананың дәрігерлерімен жолығып, әңгімелестік.
Қызылша – ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел инфекциялық ауру. Вирус ағзаға тыныс жолдары арқылы еніп, кілегейлі қабатында көбейеді. Дерт дендеген жағдайда ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, көмекейдің қолқаның, ми қабықтарының қабынуына, бас миының ісінуіне және қандағы тромбоциттар санының азаюына, ауыз уылуына, кератит жағдайына әкеліп соқтырады. Дұрыс ем көрсетілмеген жағдайда соңы қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі 9-12 күн, кейде 3 аптаға созылады, науқас адамда өмірлік иммунитет қалыптасады.
– Ауру қоздырғышы түкірік, қақырық, шаң-тозаң арқылы таралады. Қызылша жұқтыру жолымен қарым-қатынаста болған әлжуаз, иммунитеті төмен адамдардың көбісі ауырады. Қызылшаға 6 айдан 5 жас аралығындағы балалар жиі шалдығады, – дейді аудандық орталық аурухананың дәрігер эпидемиологы Эльмира Нұптуллаева.
Сырқатты жұқтырған адамның дене қызуы көтеріледі. Ауыз қуысы қабынып, ісінеді, тамаққа тәбеті төмендейді. Әлсіздік пайда болады, жөтеліп, түшкіреді. Мұрыннан су ағып, демалуы қиындап, көздің шырышты қабаты ісінеді. Көзі жасаурап, жарыққа сезімталдығы артады, кейде іші ауырады. Екі-үш күннен кейін ауыздың шырышты қабығында ақ дақтар пайда бола бастайды. Қызылшаның бөртпе шығу кезеңі сатылы түрде өтеді. Бұл бірінші күні бетте, құлақ, мойында, екінші күні денесінде, үшінші күні аяғына шығады.
Мамандардың айтуынша, тек вакцина қабылдау арқылы ғана аурудың алдын ала аламыз.
– Аурудың алғашқы сатыларында науқас адам тек ғана үйде емделуі тиіс. Өйткені емханаға баратын болса, ауруды өзге адамдарға жұқтыруы ықтимал. Сондықтан учаскелік дәрігерді шақыртып, оңашада ем-дом қабылдағаны дұрыс. Вирус жұқтырған адам көп қимылдамай, төсекте жатады. Дәрумендерге бай, құнарлы тамақ жеп, сұйықтықты көп ішу керек. Егер бала ауырса, ыстықты әрі ауырсынуды басатын парацетомол дәрісін беру қажет. Баланың іші өтсе, регидрационды суды ішкізген жөн, – дейді аудандық орталық аурухананың дәрігер инфекционисі Гүлмира Сейіл.
Дәрігердің мәлімдеуінше, ауруханаға тек аурудың ауыр түрімен ауырған және асқыну белгілері бар науқастар ғана жатқызылады. Қызылша және басқа да ауа арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың өршитін кезеңінде кішкентай балалар мен сәбилерді тұрғындар көп жиналатын жерге апармаған орынды. Бұл да аурудың алдын алу шарасының бірі болып саналады.
Сондай-ақ, ауру белгісі байқалса, жедел дәрігер шақыртылып, дәрі оның тағайындауынан кейін қабылданады. Өз бетінше емделу аурудың асқынуына алып келетінін естен шығармаған абзал.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
05 ақпан 2019 ж. 2 001 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930