Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қайнаған сумен емделіңіз

Қайнаған сумен емделіңіз

Құрбы-құрдастарыңыздың, туыстарыңыздың немесе таныстарыңыздың қарапайым шәй мен кофеден үзілді-кесілді бас тартып, жай ғана қайнаған суды ішіп жүргендерінің талай рет куәгері болдыңыз.

«Сұмдық-ай, құр суды қалай ішесің?» деген сауалды да бірнеше рет жолдағаныңыз есіңізде ме? Олар сізге себебін түсіндіріп жатпады, сіз де қазанды жабулы күйінде қалдыра салдыңыз.

Мұның сырын әлі де білгіңіз келе ме? Пайдалы кеңестеріміз сіз үшін!

Қайнаған судың пайдасы:
Қарапайым қайнаған судың негізгі пайдасы – ағзаны тазалауында жатыр. Су - іш қатуды емдеп, буындардағы және басқа да мүшелердегі артық тұздарды, бүйрек пен бауырдағы тастар мен шлактарды шығарады. Қайнаған су ішуді бастағаннан кейін бірнеше күн өткен соң буындарда, бүйректе ауырсыну, зәрдің түсінің өзгеруі байқалады. Қорықпаңыз! Бұл – ағзаңызда оң үдерістердің жүріп жатқандығының белгісі.

Қолдану тәртібі:
•Қайнаған суды таңғы астан 30 минут бұрын аз ғана мөлшерде ішіңіз. Оны асықпай ішу керек. Су ішекті «оятады», оның жұмысқа кірісуіне себеп болады, қалтарыс-бұлтарыстарында іркілген қажетсіз заттарды сыртқа ығыстырады.
•Аталған қарапайым рәсімді бар-жоғы алты ай уақытқа дейін орындасаңыз жетіп жатыр. Бұл уақытта денеңіз артық майлардан арылып, дене сымбаты қалпына келіп, белгілі бір жүйеге түседі. Омыртқа жотасындағы ауру-сырқаулар жоғалып, икемге келе бастайды.
•Асыңыз дұрыс қорытылмай, ішіңіз кеуіп жатса, тамақтан кейін де қайнаған су ішкеніңіз дұрыс.

18 желтоқсан 2018 ж. 286 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031