Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет салық төлемейтін, тіркелмеген риелторлардың қызметіне тыйым салмақ

Үкімет салық төлемейтін, тіркелмеген риелторлардың қызметіне тыйым салмақ

Фото: Pressmaster/shutterstock
Қазақстанда риелторлық қызметке қатаң бақылау орнатылуы мүмкін. Мәжіліс қазір осы салаға қатысты жаңа заң жобасын қарастырып жатыр. Құжат қабылданса, жылжымайтын мүлік агенттері тек лицензия алған жағдайда ғана жұмыс істей алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюробағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтың айтуынша, риелторлар арасында алаяқтық жиілеген, ал олардың табыс көзі мен салық төлеу жүйесі ашық емес. Осы себепті үкімет риелторлардың ұлттық реестрін құрып, қызметін ресми тіркеуге алуды көздеп отыр.
"Олар қаншалықты салық төлеп жатыр, ешкім білмейді. Мемлекет айналымды көріп отырған жоқ. Сондықтан бұл саланы да реттеу қажет", – деді депутат.
Ресми тіркеу енгізілген жағдайда риелторлар адвокаттар мен нотариустар секілді заң алдындағы жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алайда маман Мұрат Шүкірқағалиев жаңа тәртіптің салдарынан риелторлардың едәуір бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін деп алаңдайды.
"Агенттердің басым бөлігі кәсібилігін растай алмай қалуы ықтимал. Бірақ бұл қызмет құнының өсуіне әсер етпейді, себебі бізде бекітілген тариф бар", – дейді ол.
Қазір риелторлардың қызметі баспана құнына қарай есептеледі. Мысалы, бағасы 44 миллион теңгеге дейінгі үй үшін комиссия шамамен 440 мың теңге болса, одан жоғары сомаға сатылған баспана үшін риелтор табыстың 1 пайызын алады.
Қоғамда бұл бастамаға қатысты пікір екіге бөлінді. Бір тарап бақылаудың күшеюін құптаса, енді бірі риелторларға артық қысым түседі деп есептейді.
Заң жобасы қазір мемлекеттік органдардың талқылауында. Егер ол қабылданса, еліміздегі риелторлардың шамамен 70 пайызы ресми талаптарға сай болмай қалуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы қаңтардан бастап енді алған пәтерін екі жылға жетпей сатқандар мемлекетке ақша төлейтінін жаздық. Қосылған бағаға 10% мөлшерінде табыс салығы салынады.


01 қараша 2025 ж. 117 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930