Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат тойдағы арсыз ойындар мен әзілдерге заңмен тыйым салуды ұсынды

Депутат тойдағы арсыз ойындар мен әзілдерге заңмен тыйым салуды ұсынды

Депутат тойдағы арсыз ойындар мен әзілдерге заңмен тыйым салуды ұсынды
Фото: depositphotos.com
Енді еліміздегі әрбір той бақылауға алынуы мүмкін. Яғни, асабалар адам ұялатын ойындар ойнатып, орынсыз әзіл айтқаны үшін айыппұл арқалауы ғажап емес. Мәжіліс депутаттары тойда ұлттың абыройы мен қадірін түсіретін көріністерге заңмен тыйым салуды көздеп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz Информбюро 31-ге сілтеме жасап.
"Заңнамалық тұрғыда бұған бір тыйым нормалары болуы керек деп есептеймін. Сосын мына Ақпарат және мәдениет министрлігінде осының барлығына анализ жасап отыратын оларда мүмкіндік болуы керек. Неше түрлі көріністердің барлығын анализ жасап, оларға жаза қолданудың өзі әділетті болады деп ойлаймын. Айыппұл салына ма осы секілді жазаның түрлері болуы керек", - деді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.
Бүгінгінің тойында сарқыт ұрлаған, жалаңаш жорғалаған, шапалақ сұраған асабаларға тіпті таң қалмайтын болдық. Талай тойды басқарып жүрген Санат Нұрбай той иелері көбіне осындай ойындардың көп болғанын талап етеді дейді. Яғни, қазіргі сұраныс осындай екен.
"Той иесі осындй талап қойғаннан кейін, ол ақшасын төлегеннен кейін оған міндеттейді. Содан кейін асабалар не істейді. Көңілді болу үшін тойдың иесі сондай талап қойғаннан кейін, тойға келген қонақтар "бізді ойнат көңілімізді көтер, біз асқа келген жоқпыз" той иесі халықтың көңілінен шығу үшін асабалар әлгіндей ойындарға барады. Бұл жерде асабаларды кінәлай берудің қажеті жоқ. Бұл жерде сұранысқа ұсыныс болып тұр", - деді асаба Санат Нұрбай.


01 қараша 2025 ж. 106 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930