Алдағы аптада еліміздегі бірнеше өзен арнасынан асуы мүмкін
Қазақстанның 9 облысында бірқатар өзеннің арнасынан асып, су деңгейі көтерілу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап.
26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында жоғары ауа температурасы сақталады және еріген қар суынан кей өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жылы ауа райы сақталып, қар еріп, ағын сулар пайда болуы мүмкін.
25-30 наурыз күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын көбейеді.
25 наурыз күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде еріген қар суы жиналуы мүмкін.
26 наурыз күні Сырдария (Қызылорда облысы аумағында) өзені ауа райының жылынуынан арнасынан тасуы мүмкін.
Осыған байланысты ТЖК тұрғындарды су тасқынынан сақ болуға шақырады.
Baq.kz