Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есірткі өсірген 47 адам ұсталды

Қызылордада есірткі өсірген 47 адам ұсталды

Pixabay
Қызылорда облысында «Қарасора-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Іс-шара 1 маусымнан 31 қазанға дейін жалғасты. 
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, осы аралықта 166 құқықбұзушылық анықталса, оның басым бөлігі — далалық жер мен үй ауласында есірткі өсіру деректері. 
— Заңсыз айналымнан 1,5 тоннадан астам есірткі алынды. Есірткі өсірумен айналысқан 47 адам құрықталып, оның 24-і қамаққа алынды. Жалпы 10 мың 345 түп сора өсімдігі анықталды. Қыркүйек, қазан айларына дейін пісіп-жетілгенде әр түптен шамамен 500 грамнан есептегенде 5 тоннаға жуық марихуана заңсыз айналымға түсуі мүмкін еді. Біз бұл қауіптің алдын алдық. Осылайша мыңдаған азаматтың денсаулығын, қаншама отбасының тағдырын қорғадық, — деді департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев. 
Іс-шараны ұйымдастыруға 100-ге жуық қызметкер, 7 қызметтік іздестіру иті, 28 автокөлік, Ұлттық ұланның әскери тікұшағы жұмылдырылып, 6 жылжымалы мобильді бекет қойылды.

01 қараша 2025 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031