Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шекара қызметі Ресейге жол жүретіндерге үндеу жасады

Шекара қызметі Ресейге жол жүретіндерге үндеу жасады

Шекара қызметі Ресейге жол жүретіндерге үндеу жасадыФото: depositphotos.com

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы үш өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, салдарынан шекарадан өту кезіндегі күту уақыты ұзаруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме "Сырым", "Әлімбет" және "Қосақ" өткізу бекеттері туралы болып отыр.
"Сырым" өткізу бекеті Қазақстан мен Ресей шекарасында Батыс Қазақстан облысында, "М-32 Самара - Шымкент" халықаралық трассасында орналасқан. Ресей жағындағы сәйкес өткізбек бекет - "Маштаково".
"Әлімбет" өткізу бекеті Ресеймен шекарада Ақтөбе облысында орналасқан. Ресей жағында оған қарама-қарсы "Орск" өткізу бекеті бар.
"Қосақ" өткізу бекеті Павлодар облысының Успен ауданы аумағында, сондай-ақ, Ресеймен шекарада орналасқан. Бұл - автокөлік өткізу бекеті.
"Осы жайларды ескере отырып, жүріс бағытыңызды алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.
Қалған өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ.

01 қараша 2025 ж. 169 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031