Дене салмағы – адам денсаулығының айнасы
Толық болу эстетикалық мәселе ғана емес. Артық салмақпен бірге денсаулыққа қатысты көптеген қиындықтар қоса келеді. Бүгінде артық дене салмағы мен семіздік әлемдік көлемдегі эпидемия саналады және оның ұлғаю тенденциясы байқалады. Оған шалдықпас үшін салмақты бақылауға алу қажет.
Бүгінгі заман адамдары организмдегі заттектер алмасуын бұзатын өнімдерді көп тұтынады, сонымен қатар, аз қимылдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай көңіл қуантарлық емес тұжырым жасады. Зиян әкелетін өнімдердің қол жетімділігі және кең таралуы жағдайды ушықтыра түсуде. Ал заттектер алмасуының қалыптылығы денсаулық негізі, біздің сымбатымыз оған тәуелді. Сондықтан, дене салмағын «адам денсаулығының айнасы» атауға тұрарлық.
Молшылықтың зияны
Көптеген медициналық зерттеулер артық салмаққа немесе семіздікке шалдыққан адамдарға қуантарлық жаңалықтар әкелмеуде. Дене салмағының сәйкес емес ұлғаюымен қоса көптеген аурулар қаупі де артады. Олардың тізімі келесідей: жүрек-қантамыр аурулары, артериалдық гипертензия, екінші типті диабет, кейбір онкологиялық дерттер (сүт безінің, қуық асты безінің, бауырдың, тоқ ішектің, т.б. қатерлі ісіктері), бедеулік, жүктіліктің асқынулары, өт немесе несеп жолдарында тас байлануы, ентігу және ұйқы апноэсі (ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтап қалуы), т.б. Салмақ азайту жолында әрекетті шаралар қолданбаған жағдайда артық дене салмағы семіздікке айналады. Дене бойында жинақталған артық маймен күресуге қарағанда артық килограм қосудың алдын алу барлық жағынан алғанда оңайырақ және тиімдірек.

Норма шектері
Салмағыңыздың норма шектерінде екендігін қалай білуге болады? Бұл үшін медицинада дене салмағы индексі (ДСИ) енгізілген. Оны келесі формула арқылы есептейді:
ДСИ = салмақ (кг) / (бой (м))2.ДСИ < 18,5 болса, дене салмағының тапшылығы байқалады. Егер 18,5 < ДСИ < 25 болса, дене салмағы қалыпты саналады. 25 < ДСИ < 30 болса, артық дене салмағы анықталады, ДСИ > 30 болса, семіздік орын алған. Бұл жағдайда дәрігермен кеңесу және салмақты қалпына келтіру жолында дереу шаралар қолдану қажет. Салмақты норма шегінде ұстау үшін, алдымен, салауатты тамақтану тәртібі мен сәйкес дене белсенділігін ұстану қажет.
Әрдайым әзірлік
Тамақты белгіленген бір уақытта қабылдау қажет. Күнделікті белгілі бір уақытта тамақтану арқылы асқазан-ішек жолдары қызметінің ырғағы орнығып, белгілі бір сағаттарда өз қызметін атқаруға әзір болады. Ас қорыту ферменттерін өндіру біртіндеп өтеді, бұл астың толыққұнды және жайлы қорытылуын, сіңірілуін қамтамасыз етеді. Ұдайы тамақтанбау, түскі, кешкі асты кешіктіріп, шамадан тыс мол ішу асқазан ішек жолдары (АІЖ) ағзаларын ширығуға душар етіп, заттектер алмасуы бұзылыстарына, артық май жинақталуына, семіздік пен тамақтануға тәуелді басқа да аурулардың дамуына жағдай жасайды.
Аз және жиі ішу
Қалыпты дене салмағын сақтауға немесе артық килограмдардан арылуға тырысатын адам аштық сезіміне шалдықпауы қажет. Бір жағынан, күшті аштық сезімі организмнің сіңіруінен артық ішіп-жеуге итермелейді, ал артық калориялар май түрінде жинақталады. Басқа жағынан, тамақ ішу аралықтарының ұзақ болуы заттектер алмасуын бәсеңдетеді, сондықтан, организмнің «жоятын» калориялары азаяды, ал шығындалмаған калориялар қайтадан артық килограмдарға айналады. Дұрыс тамақтану тәртібі бойынша асты жиі (күніне 3-5 рет, әр 3-4 сағат сайын), шағын үлестермен ішкен жөн. Бұл 3 негізгі тамақ қабылдауға (250-300 мл көлемінде) және 1-2 ауыз бастыруға (жеміс немесе көкөніс, бір уыс жаңғақ немесе дән) сәйкес келеді. Міндетті түрде таңғы ас ішу қажет, ал кешкі уақыттағы соңғы тамақтану ұйқыға кетерден 2-3 сағат бұрын ішілуі тиіс. Түнге қарай тойып ас ішу салдарынан ас нашар қорытылады, ұйқы алдында алынған калориялар толығымен шығындалмайды. Шығындалмаған калориялар әрдайым май түрінде жинақталады. Сонымен қатар, АІЖ демалысты қажет етеді, бұл табиғаттың ұйқыға берген үзілісі арқылы табиғи түрде қарастырылған.