Ғалымдар семіздік иіс сезуді төмендететінін айтты
Ғалымдар артық салмағы бар адамдарда иіс сезу функциясында проблемалар туындайтынын анықтады. Жаңа Зеландия ғалымдарының айтуынша, кездейсоқ құбылыс емес. Бұл туралы zhambylnews.kz порталы хабарлайды.
«Егер, сіз иіс сезуде проблемаларға тап болсаңыз, онда семіздікке душар болу қаупі туындағаны анық. Зертханада жануарларға жүргізілген зерттеулер осы болжамды растап отыр», - дейді жаңа зеландиялық Отаго университетінің ғалымдары.
Бұған дейін керісінше, адамның иіс сезу мүшесі жақсы жұмыс істеуі оны семіздікке алып келеді деген пікір айтылса, алайда, жаңа зерттеулер мұның жалған екенін дәлелдеп отыр. Шамадан тыс мөлшерде тамақтануға иіс сезудің аса сезімталдылығы емес, нашар жұмысы алып келетін көрінеді.
«Егер, сіз түрлі иістерді нашар сезетін болсаңыз, онда семіздікке душар болу қаупі ұлғая түседі. Себебі, тойымдылық сезімі иіс сезу сезімімен бірге жұмыс жасайды. Тәжірибе көрсеткендей, иіс сезу мүшелері жасанды түрде «жұмыс істемейтін» тышқандар жылдам артық салмақ жинап алады», - дейді ғалымдар.
Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, депрессия кезінде де адам бойындағы иіске сезімталдылық төмендейді. Ал депрессия көп мөлшерде тамақтануға себепші екені белгілі.