Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолы

Артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолы

Денедегі майдан құтылуға көмектесетін "сиқырлы" дәрі мен тиімді диета әлі табылған жоқ. Мұндай ойымен Испанияның семіздік және метаболикалық ауытқулар хирургиясы (SECO) қоғамының негізін қалаушы Жоан Пужоль Рафолс бөлісті, деп хабарлайды РИА Новости.
Адамдардың артық салмақ жинауының ортақ себебі жоқ. Бірақ маман майдың, негізінен, көп қимылдамау, спортпен шұғылданбау және дұрыс тамақтанбау кесірінен жиналатынын айтады. Генетикалық бейімділігі де әсер етеді.
"Кейбір адамдар өзгелерге қарағанда, артық салмақ жинауға бейім болады. Мәселен, азиялықтармен салыстырғанда еуропалықтардың салмағы көп. Біз денедегі майдан оп-оңай құтылудың жолы жоқ екенін ескеруіміз керек. Ондай дәрі шыққан жоқ. Әлі ұзақ жылдар бойы шықпайды деп ойлаймын. Қазіргі кезде артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолы - хирургиялық тәсіл болып отыр", - дейді маман.
Дәрігердің айтуынша, артық майдан арылу ғана емес, сол салмақты өмір бойы сақтау өте қиын. Сондықтан бұл тұста диеталар тиімсіз. "Семіздіктің асқынған түрі адам денсаулығы үшін аса қауіпті. Өйткені қан қысымы жоғарылап, ағзадағы қант деңгейі артады. Инфаркт пен рактың кейбір түріне әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда аз өмір сүреді әрі өмір сүру сапасы нашарлайды", - деді Пужоль.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы семіздікке шалдыққан адамдардың саны үш есеге артқан. 18 жастан кейінгілердің 39%-інде артық салмақ бар. Ал олардың 13%-іне семіздік деген диагноз қойылып отыр.
12 қыркүйек 2019 ж. 1 543 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031