Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салауаттылық – өмір салты

Салауаттылық – өмір салты

Адам жаны қашанда мейірімділік пен саулықты қалайтыны ақиқат. “Бірінші байлық – денсаулық” деген аталы сөз де оның маңыздылығын көрсетеді. Сол себепті елге жаңа ауруханалар салу мен заманауи медициналық технология әкелуге баса көңіл бөлініп отыр. Ал денсаулық сыр бермей, көңіл қош болсын десек, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Бұл үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы бұқаралық спортпен айналысатын халық санын көбейтуді тапсырғанын білеміз. Мемлекет осындай жағдай жасап отырғанда халық спортты жанына серік етіп, зиянды әдеттерден алшақтай бастады ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50 проценті өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 проценті қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттер әсерін тигізбей қоймайды. Жас кезінен аурушаң болған атақты ғалым, медицина ғылымының майталманы Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңген. Бұдан салауатты өмір сүремін десеңіз, ешкім оған қарсы тұра алмайды деген тұжырым шығаруға болады.

Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың да пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Арақтың орнына қымыз бен қымыран ішіп, темекі тартпай таза ауада серуендеуді әдет қылған жанның денсаулығы айтарлықтай жақсы болатыны белгілі. Әсіресе жас буын жастық жалынды бұндай теріс әдетке емес, уақытын мәдени көпшілік орындарда өткізгенді әдетке айналдырғаны дұрыс. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан аянбай денеге күш түсіретін жұмыс істеу де денсаулыққа пайдасын тигізбей қоймайды. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайтынын есте ұстаған жөн.

Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай бағалаңыз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз ұғынуға тиіспіз. Қоршаған ортаны қорғай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырсақ, болашағымыз жарқын болмақ.
Гүлнұр ҚҰМШАБАЕВА,
№165 мектептің мұғалімі

28 қыркүйек 2019 ж. 9 028 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930