Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын атады

Дәрігерлер артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын атады

Қазір 18 жастан асқан адамдардың 39%-інде артық салмақ бар.

Бұл туралы ktk.kz сайты мәлімдейді.

Денедегі майдан құтылуға көмектесетін "сиқырлы" дәрі мен тиімді диета әлі табылған жоқ. Мұндай ойымен Испанияның семіздік және метаболикалық ауытқулар хирургиясы (SECO) қоғамының негізін қалаушы Жоан Пужоль Рафолс бөлісті. Адамдардың артық салмақ жинауының ортақ себебі жоқ. Бірақ маман майдың, негізінен, көп қимылдамау, спортпен шұғылданбау және дұрыс тамақтанбау кесірінен жиналатынын айтады.

Генетикалық бейімділігі де әсер етеді.

"Кейбір адамдар өзгелерге қарағанда, артық салмақ жинауға бейім болады. Мәселен, азиялықтармен салыстырғанда еуропалықтардың салмағы көп. Біз денедегі майдан оп-оңай құтылудың жолы жоқ екенін ескеруіміз керек. Ондай дәрі шыққан жоқ. Әлі ұзақ жылдар бойы шықпайды деп ойлаймын. Қазіргі кезде артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолы - хирургиялық тәсіл болып отыр", - дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, артық майдан арылу ғана емес, сол салмақты өмір бойы сақтау өте қиын.

Сондықтан бұл тұста диеталар тиімсіз.

"Семіздіктің асқынған түрі адам денсаулығы үшін аса қауіпті. Өйткені қан қысымы жоғарылап, ағзадағы қант деңгейі артады. Инфаркт пен рактың кейбір түріне әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда аз өмір сүреді әрі өмір сүру сапасы нашарлайды", - деді Пужоль.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы семіздікке шалдыққан адамдардың саны үш есеге артқан. 18 жастан кейінгілердің 39%-інде артық салмақ бар. Ал олардың 13%-іне семіздік деген диагноз қойылып отыр.
07 қыркүйек 2019 ж. 828 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930