Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Ойыншықтар ойыңыздан шыға ма?

Ойыншықтар ойыңыздан шыға ма?

Әрбір ата-ана сәбиіне қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Баланың ермегі де, серігі де ойыншық болғандықтан оның түр-түрін алып беруге әркез дайын тұрады. Өкініштісі көздің жауын алатын ойыншықтың басым бөлігі Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір тұрғындар осылардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз.
Психологтaрдың кеңесіне мән берсек, ата-аналар балаларға ойыншық таңдағанда оның уақыт өткізу, алданыш құралы ғана емес, тәрбие құрaлы екенін де ескеруі қажет. Ендеше ойыншықтың сапасын жасалу құрамымен ғана өлшемей, сыртқы формaсына да көп мән беру маңызды. Ресейде қазіргі күні ұлттық тәрбиеге айрықша көңіл бөлінуде. Бұрыннан келе жатқан халық аузындағы ертегілерін дамытып, заман үлгісіне сай түрлендіріп, бөбектеріне ұсынып отыр. Мультфильм кейіпкерлерін қуыршақ түрінде де шығарып, сол арқылы ұлттық тәрбиені сaнаға сіңіріп жатыр.
Қазір тұтынушылар балаға алатын ойыншықтардың қауіп тудырмай­тындығына айрықша сақтықпен қарай­ды. Бұл тұрғыда аудан тұрғыны, көп балалы ана Сарыгүл Жармағамбетова өз ойын бүгіп қалмады. Оның айтуынша, соңғы кездері базарларда қару кезенген ойыншық кейіпкерлері де, құбыжық бейнесіндегі қуыршақтaр да сатылып жатыр. Атыс-шaбыс құралдары өте көп. Бұлардың бәрі балaның ішкі агрессиясын оятып, психикaсын бұзады. Балғындарды қатыгездікке итермелейді.
Сәбилеріңіз қандай ойыншықтармен уақытын өткізуде? Мамандардың мәлімдеуінше, ойыншық таңдауда абайламаса, оның ұсақ бөлшектері, әсіресе магниттік элементке ие болса күтпеген жерден орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Ересектер белгілі бір нәрсені алмас бұрын іші шашылатын заттарға толы сынғыш сылдырмақтарға, сондай-ақ жаңадан сәнге айналған түйме, моншақтарды теріп қолдан жасайтын ойыншықтарға сақтықпен қарау қажет. Себебі ақылы толыспаған бөбек мұны жұтып қоюы ғажап емес. Ең қауіптісі – бала оларды мұрнына, құлағына салуы мүмкін. Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова: “Сақтансаң, сақтаймын” дегенді ескерген тұтынушы кез келген ойыншықты сатып аларда әуелі сәйкестілік туралы декларация мен арнайы сертификатты талап етуі тиіс”, – дейді.
Бүгінде базар сөрелерінде магниттік құрастырғыш көптеп кездеседі. Оның ішінде ең көп сұранысқа ие бірнеше жүз магниттік бөлшектен тұратын “Неокубты” атауға болады. Бұл барлығын аузына салуға тырысатын сәбилер үшін өте зиян. Тіпті ересектер де оның ауыр зардабын білгені абзал. Өйткені бір домалағын екіншісінен ажырату үстінде абайсызда жұтып қойса, ас қорыту жүйесінде тесілген ойықтарды туғызады. Мұндай алданышты балаға мүлдем бермеген жөн. Сарапшылар ата-аналарды осы сынды ұсақ магниттік детальдары көп, моториканы дамытатын ойыншықтарды таңдағанда мұқият болуға кеңес береді.
Балабақшадағы балаларға қандай ойыншықтар тапсырыспен алыну қажет деген сауал әрбірімізді толғандырады. Осы орайда “Алпамыс” балабақшасының ойыншықтар қорын бақылап көргенбіз. Олар негізінен баланың ойлау қабілетін арттыру мақсатында авторлық құқыққа ие тұлғалардан Воскобович ойындары мен конструкторлары, Деньеш блогы, Зайцев кубиктері, Кюйзенердің түрлі-түсті санағыш таяқшалары, Ядыкинаның интеллектуалды-логикалық жиынтығы, инновациялық әдістемелік құрылғы «Робототехника» алған. Сондай-ақ сәбилердің дене бұлшық еттерін, қол моторикасын жан-жақты дамытуға арналған «Гребля», «Велотренажер», «Министеппер», «Минитвистер» тренажерлары мен батутқа қол жеткізген.
Қазіргі тaңдa базарлар мен сауда нүктелерінде толып кеткен қауіпті ойыншықтарды анықтайтын, дер кезінде тосқауыл қоя алaтын арнаулы мамандар жоқтың қасы. Алыпсатарларды да жалаң үгіт-насихатпен дұрыс жолға салу мүмкін емес. Сондықтан нарықтағы балалар ойыншығын ретке келтіріп, тіпті балаларға арналған тауарларды өзімізде шығаратын өндірісті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан нақты бағдарламалар белгіленіп, іске асырылуы қажет-ақ.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
---
09 ақпан 2019 ж. 4 177 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930