Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Мәжілісте «Қазалы ауданы әкімдігіндегі норма шығармашылық қызметтің жағдайы туралы» мәселе пысықталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бақытбек Абдуллаев хабарлама жасап, ұйымдастыру жұмыстарына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы сөз алып, аудан әкімдігіне қатысты мекемелердің қаржыларының игерілу барысын толығымен баяндап, қаржысы игерілмеу және толық игерілмеуі мүмкін салалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Жиында қаралуы тиіс кезекті мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің 8 айға орындалуы және 9 айға болжамды орындалу жайлы кеңінен тоқталды. Бұған байланысты Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров та атқарылған жұмыстар жайын, жергілікті бюджеттің 9 орындалу барысын егжей-тегжейлі айтып берді.
Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жайы екені белгілі. Осыған орай аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Күншығар Әбілов ауданда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жұмыстарының жүргізілуі туралы жан-жақты мәлімет берді.
Аппарат мәжілісінде мұнан бөлек, аудандағы жұмыспен қамту мәселесі кеңінен талқыға түсті. Жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын үйлестіру жайы айтылды.
Жиында аудан басшысы салық түсімдерінің орындалу барысы мардымсыз көрсеткішке ие болған әкімдердің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыссыз ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.
Аппарат мәжілісінде Мұрат Ергешбаев жақында ғана Сарбұлақ және Майдакөл ауылдық округтерінің әкімі болып тағайындалған Руслан Жаңабай мен Қонысбек Құрманбаевты таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
---
26 қыркүйек 2020 ж. 467 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930