Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Мәжілісте «Қазалы ауданы әкімдігіндегі норма шығармашылық қызметтің жағдайы туралы» мәселе пысықталды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бақытбек Абдуллаев хабарлама жасап, ұйымдастыру жұмыстарына тоқталып өтті.
Мұнан соң басқосу аппарат мәжілісіне ұласып, маңызды мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы сөз алып, аудан әкімдігіне қатысты мекемелердің қаржыларының игерілу барысын толығымен баяндап, қаржысы игерілмеу қауіпі бар салалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің 8 айға орындалуы және 9 айға болжамды орындалу жайлы кеңінен тоқталды.
Бұл мәселеге байланысты Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров қосымша баяндама жасап, жергілікті бюджеттің 9 айдағы орындалу барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жайы екені белгілі. Осыған орай аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Күншығар Әбілов ауданда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жұмыстарының жүргізілуі туралы жан-жақты мәлімет берді.
Аппарат мәжілісінде мұнан бөлек, аудандағы жұмыспен қамту мәселесі мен 2021 жылдың І жарты жылдығына баспасөзге жазылу жұмыстарының барысы жайлы мәселелер де қаралды.
Жиында аудан басшысы Мұрат Ергешбаев салық түсімдерінің орындалу барысы мардымсыз көрсеткішке ие болған әкімдердің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыссыз ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.
Аппарат мәжілісінде Мұрат Ергешбаев аудан активіне жақында ғана Сарбұлақ және Майдакөл ауылдық округтерінің әкімі болып тағайындалған Руслан Жаңабай мен Қонысбек Құрманбаевты таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Қазалы" ақпарат


24 қыркүйек 2020 ж. 594 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 42

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031