Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мемлекеттік қызметкерлерді сынға алды

Аудан әкімі мемлекеттік қызметкерлерді сынға алды

Бейсенбіде аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. 
Мәжілісте аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Нұрғиса Жалғасбаев кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Жол картасының» орындалуы мен жоспарларына тоқталды. Оның айтуынша, 2017 жылы Қазалы ауданы кәсіпкерлік саласы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді.
Аудан бойынша жерді пайдалану мен қорғауды және мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру барысы жайлы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ардақ Жанұзақ хабарлама жасады.
Ал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Байғабылұлы баяндағандай, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 30 дана «тайғақ жол» және «жылдамдықты шектеу» уақытша ескерту белгілері орнатылуда.
«Аудандағы 16 ауылдық округте 27 елді мекенмен және Қазалы қаласы мен аудан орталығы арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылған. Тасымалдаушылармен келісімде кентішілік қоғамдық көліктер қысқы мезгілде 19:30-ға дейін қызмет көрсетуі тиіс. Десек те, 2017-2018 оқу жылында сабақ кестесі 5 күндікке көшуімен оқу бағдарламасы 19:20-ға дейін созылуына орай қыста қоғамдық көліктер қызметі кешкі 20:00-ге дейін ұзартылды» – деді М.Әбсұлтанов.
Келелі жиында сөз алған аудан әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалымжан Хайруллаұлы Сырдария өзенінде су тасқынының алдын алу шаралары жайында мәлімдеме жасады.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мұқият тыңдаған аудан басшысы М.Ергешбаев бірқатар ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларын сын садағына ілді.
«Екі жыл бұрын кәсіпті өркендетуге байланысты «Жол картасы» жасалды. Дайындалған құжаттармен танысып шықтым. Онда шаштараз, монша, мал бордақылау цехы ашылу жоспарланған. Оның біреуі де орындалмаған. Жүктелген жауапкершіліктерге салғырт қарайсыздар. Жалпы, ел әкімі елден шыққаны дұрыс деп ойлаймын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

12 қаңтар 2018 ж. 2 553 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031