Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жігер, жүрек және ниет болса

Жігер, жүрек және ниет болса

Қазалыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылдың өзінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша облыс тарапынан 220 адамды оқыту межеленген. Оқу курсынан өту үшін 240 адам тіркелді. Оқу курстары аяқталғанда жобалар бойынша талапкерлер 550 млн теңге несие алады деп күтілуде. Ал, «Бизнес Кеңесші» жобасына 90 орын белгіленсе, 249 талапкер оқу курсын сәтті аяқтады. Қазан айында тағы жаңа топты оқыту қолға алынады.
Осы орайда аталған жобалар туралы толық мәлімет алу мақсатында «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиал директоры Ермек Аймахановқа бірнеше сауладар қойған едік.
– Ермек Жұмажанұлы, алдымен «Бастау Бизнестен» бастасақ. Жобаның жалпы мақсатын айтсаңыз.
– ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлік палатасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арнал­ған бағдарла­масы аясында «Бас­тау Бизнес» жобасы жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлес­кен отырысында айтқан бес әлеуметтік бастамаларының бірі – өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру болатын. Міне, осы орайда тегін кәсіпкерлік білім беруді жүйелі жүргізудеміз.
«Бастау Бизнес» жобасы кәсіп­керлікке тарту жолымен ауыл халқы­ның экономикалық белсен­ділігін арттыру мақсатында ҚР «Атамекен» ҰКП бастамасымен жүзеге асырылған. Тренингке жұмыссыз және өз ісін ашқысы келетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сондай-ақ бизнесін кеңейтуге мүдделі кәсіп­керлер қатыса алады.
Оқу бағдарламасы – салық салу режимдері, заңнама, маркетинг негіздері, бизнесті бастау үшін ең қажетті бағыттар бойынша білім алуға мүмкіндік беретін 12 модульден құралған. Тренинг барысында тыңдаушыларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, бизнес-жоспарды жасақтауға және қаржыландыруды алуға көмек көрсетіледі.
– «Бизнес Кеңесші» жобасының айырмашылығы неде?
– «Бизнес Кеңесші» жобасы жеке бизнесті қалай ашу немесе құрыл­­ған компанияның жұмысын қалай оңтай­ландыру керектігін айқын­­дайды. Оқу барысында Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашуға қажетті маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қар­жылар туралы білімді меңгересіз. Кәсіби оқытушылар Қазақстанның барлық аудандары мен қалаларында жеке кәсіпкерлік бойынша оқыту жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар сертификат алады. Оқудың ұзақтығы: 2 күн. Егер де Сіз «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында грант алу үшін өтінім беруге ниет білдірсеңіз, «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша курстан өтіп, сертификат алу міндетті шарт болып табылады.
– Оқу тегін бе?
– Иә, оқу ақысыз.
– Жобаға кімдер қатыса алады?
– Жобаға жеке ісін ашуды жоспарлап жүргендер мен жеке ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер қатыса алады. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейтіндерден өзге барлық азаматтар оқи алады.
– Жобаға қатысуға ниетті жандар қайда хабарласуына болады және қандай құжаттар әкелуі тиіс?
– Қазалыдағы кәсіпкерлік палатасына жеке куәлік пен мекенжай туралы анықтамасын алып келуі керек.
– Бағдарламаға қатысушы­ларға қандай мүмкіндіктер бері­леді?
– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту тегін және оқытуды тәмамдағаны (қатысқаны) туралы сертификат алған жоба қатысушылары мемлекет тарапынан біржолғы 16759 теңге шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Оқыту барысында бағдар­ламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізуге арналған идеялар және кәсіпкерлік қызметінің негіздері бойынша құрылымдалған дәріс ұсынылатын болады. Оқыту про­цесінің жалпы ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспайды. Оқыту процесінде міндетті түрде жеке кеңестер, сондай-ақ қаржыландыруға арналған жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары жөнінде тренингтер өткізіледі. Оқыту қорытындысы бойынша оқуды тәмамдағаны және «Бастау-Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы бизнес-жоспарды қорғау кезеңіне жіберілгендерге сертификаттар бе­ріледі.
– Жобалар бойынша білім жетілдірушілер саны көп. Нәтиже қандай?
– Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағытында «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша өткен жылы 141 азамат оқу курсынан өтті. Ал, 2018 жылы Қазалы ауданынан 90 азаматты оқуға қатыстыру жоспарланған. Бұл ретте кәсіпкерлік негіздерін оқуға ниеттілер көбейіп, осы жылдың 6 айында 249 азамат білімін жетілдірді. Оқу курсы жоспар бойынша қазан айында тағы да өткізіледі. «Бастау Бизнес» жобасымен 2017 жылы 222 азамат кәсіпкерлік негіздеріне бір ай мерзімнен оқытылып, тыңдаушылар бизнес жобаларын комиссия алдында қорғап, сертификаттар табысталды. Осы жылға «Бастау Бизнес» жобасымен оқуға 220 азамат тартылған 3 топтың да оқу кезеңі аяқталды. Үш топтан 16 азамат оқу тәртібінің Ережесін бұзғаны үшін оқудан шеттетіліп, қалған 109 тыңдаушы толық аяқтады. Жобаның оқу кезеңі 6 кезеңге бөлініп, 16 сәуірде оқу курсы басталды, осы жылдың 23 қарашасына дейін ай сайын оқытылу жалғасады. Басқа аудандардан ерекешелігіміз оқу курсына қатысқан тыңдаушылармен бірге облыстық комиссияға ауыл әкімдері қатысып, жобаларының қорғалуына өз ықпалдарын тигізуде.
– Мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілген қолдаулар туралы білсек.
– «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша Қазалы ауданында 2017 жылы оқытылған 222 азаматтың 32 пайызы, яғни 75 жоба 272,2 млн, «Бизнес Кеңесші» оқу курсынан өткен 30 жоба 154,7 млн теңгеге несиелендірілді. Осы жылдың 6 айында «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталық МҚҰ» ЖШС-нен «Бастау Бизнес» бойынша 21, «Бизнес Кеңесші» арқылы 21 жоба несиеленді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыс бойынша филиалы арқылы «Бастау Бизнестен» 15 жоба, «Бизнес Кеңесшіден» 13 жоба несие алған.
– Әңгімеңізден жоба бойынша оқыту межесінен адамдар санының асып кеткендігін бай­қаймыз. Тұрғындарды кәсіп­керлік мақсатта оқуға тарту үшін қандай шаралар атқарылып жатыр?
– Иә, халықтың оқуға деген қызығушылығы өте жоғары. Филиал тарапынан ауданымыздың Қарақұм беткейі мен Қызылқұм шекарасына дейінгі шет аймақ саналатын елді мекендерді аралап, яғни ауыл әкімдеріне, ауылдардағы кітапханаларға «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы табысталды. Филиалдың ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратымен бірлесіп, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және барлық 19 ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамандарының қатысуымен «Онлайн жүйеде кеңес алу» тақырыбында семинар өткіздік. Кәсіпкерлер палатасы тарапынан елді мекендердегі кәсіпкерлерге және кәсіпкер болуға ықыласты жандарға қолайлы жағдай жасалып, онлайн режимде мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестер беруді жалғастырамыз. Яғни селекторлық жүйеде ауыл азаматтарымен тікілей байланысып, ұсыныс-сауалдарына жауап беріп, қолдау көрсететін боламыз.
Ауылдық округ әкімі аппараттарында арнайы электронды пошта ашылып, мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Филиал тарапынан кооперативтер құруға ниеттілердің барлық құжаттары рәсімделуіне тегін қызметтер көр­сетіліп, ауылшаруашылығы коо­перативтері тіркеуден өткізілуде. Нәтижесінде кооперативтер несие алып, кәсіп ашуда.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығының ұйымдастыруымен Қожабақы ауы­лында «Көкөніс және бақша дақыл­дары бағыты» және Әйтеке би кентінде «Ауыл шаруашылығы өнім­дерін тауарлы өндіріспен қамта­масыз ету үшін ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін басқару негіздері» тақырыбында теориялық курс болып, қатысушылар сертификат иеленді. Малды асылдандыру мақсатында субсидия алуға ниеттілерге онлайн арқылы тапсырыс беруге тегін көмек көрсетіледі.
Жалпы жігер, жүрек және ниет болса барлығын да жүзеге асыруға болады.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

21 тамыз 2018 ж. 1 422 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930