Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск жаңа мессенджерді әзірлеп жатқанын айтты

Илон Маск жаңа мессенджерді әзірлеп жатқанын айтты

Илон Маск жаңа мессенджерді әзірлеп жатқанын айттыФото:depositphotos.com

Илон Маск тағы да Джо Роган подкастының қонағы болды. Әңгіме барысында ол X компаниясы X Chat деп аталатын жеке хабарлама алмасу қолданбасын әзірлеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК Криптоға сілтеме жасап.

Масктың айтуынша, мессенджер биткоинде қолданылатынға ұқсас шифрлау жүйесін пайдаланады. Қолданба бірнеше айда іске қосылады.
"X-та (бұрынғы Twitter) біз хабарлама алмасу жүйесін толық жаңарттық - енді ол X Chat деп аталады. Қолданушылар арасындағы тікелей алмасуға (peer-to-peer) негізделген шифрлау жүйесін қолданамыз, бұл біршама биткоиндікіне ұқсайды. Өте сенімді шифрлау, біз оны мұқият сынап жатырмыз", - деді Маск.
Ол сондай-ақ X Chat пайдаланушылар деректерін жарнама берушілерге жинамайтынын және бермейтінін мәлімдеді.
Маск бәсекелестерін, әсіресе WhatsApp-ты, нысаналы жарнама көрсету үшін хат алмасуларды талдайды деп сынады.

01 қараша 2025 ж. 339 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031