Теңгені дайындау қиындық тудырды
Қазақстан Республикасының мемлекеттігін айқындайтын құндылығының бірі ел вальютасы – теңге. Егемендік еншісіндей болған төл теңгенің авторының бірі жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі суретші Ағымсалы Дүзелханов. Жақында ҚР білім беру үздігі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының профессоры А.Дүзелхановпен сұхбаттасудың орайы туды.
– Шағын ауданда туып, шығармалары танымалдыққа ие болған өнер иесінің балалық шағы қалай өтті? Кез-келгенге бұйдасын ұстата бермейтін суретшілік қырыңыздың бойыңыздан байқаған алғашқы беталысыңыз туралы айтсаңыз...
– Балалардың үлкені болғандықтан, қазақы дәстүрмен атам Жансүгір мен әжем Жарқын қолдарында өсіп, тәрбие алдым. Біз тұратын бұрынғы Микоян атындағы балық аулау колхозы, қазіргі Лақалы ауылы – кіндік қаным тамған мекен. Марқұм Жарқын әжем өте сезімтал кісі болатын. Қолөнерінен айналысатын ол ауылдағы әйелдердің көбіне қағаздан қазақ оюларын қиып беріп отыратын. Мен қасында жүріп көмектескен боламын. Алғашқы суретке, өнерге деген құмарлығым осы кезден қалыпстасса керек. Дүзелхан әкем де, оның үлкен ағалары да сурет салуға қабілеттері бар еді. Мен де шамамен төрт-бес жасымда соларға ілесіп сурет сала бастадым.
– Қазақтың «бақ дарыған, өнер қонған» деген тіркесі бар. Сіз бедерлеген шығармаларға қарасақ, қазақтың тұтас фольклоры көз алдымызға оралады. Бір туындыға бірнеше мағына сыйдыратын шеберлігіңіз қалай қалыптасты? Мұның сырын қанмен келген қасиет мүмкіндігі дейміз бе, әлде ізденіс жемісімен жеткен жетістік деп топшығанымыз жөн бе?
– Үлкендердің тәрбиесінде болған бала құймақұлақ болып өседі. Атам мен әжеме еріп қонақтарға барып, көптеген өнегелі әңгімелер еститінмін. Олардың қатарындағы дастандар, ертегілер, салт-дәстүрлер жайы, той-думандардың өткізілу үрдісі, қазақтың киімдері, ұлттық тәлім-тәрбие тарихи деректер туралы әңгімелердің көбі әлі есімде. Тарихи-фольклорлық шығармашылық өнеріне қызушылық білдірген осы жағдайлар шығар.
Көркемсурет өнері жалықпай іздену, ашық, кең көзқарас, шаршамай еңбектенуді қажет етеді. Атақты адамдардың айтуы бойынша, табиғат бір-екі пайыз талант береді, қалғанын мұқият еңбектену арқылы бағындыруға болады.
– Суретші Ағымсалы Дүзелхановты қалың көпшілік тарихи тұлғаларды «тірілтуші» деп таниды. Қазақпен табыстырған саңлақтарды бейнелеу үшін тарихи деректерге қанығудан басқа қандай құндылықтар қажет?
– Ұлы тарихи түлғаларды бейнелегенде, сөзсіз, көптеген тарихи деректерге сүйенесің. Тақырыпты кең ауқымда зерттеп, зерделеп, мұқият тексересің. Мәселен, қай заманда өмір сүрген тарихи тұлға болса, соны ескеріп, сол уақыт бедерін бейнелейсің. Жасы қаншада, ол заманда қандай киімдер киген, қару-жарақтарының түрлері тағы басқа жақтарынан да толыққанды хабардар болуың шарт. Бұл орайда көбірек тарихи құжаттар, суреттер жинауға тырысатынымыз бар.
– Сіздің есіміңіз аталғанда қазақ кескіндеме өнерінің бас корифейі Әбілхан Қастеев туралы айтылады. Аңыз адаммен үндестіктеріңіз кейін туыстық байланысқа айналған деседі. Бұл жайлы өзіңізден білсек...
– Қазақтың белгілі халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің шығармашылық туындыларымен бала кезімнен таныс болып өстік. Ол кісінің шығармаларын мектеп оқулықтарынан да көптеп кездестіруге болатын. Суретші өзінің ерекше қолтаңбасы, тың көзқарасы, ұлттық сезімімен суреттей біліп, болашақ суретшілерге патриоттық тәрбиесімен үлгі болған тарихи тұлға. Дарынды суретшінің өнегелі жолын қазақ елі ғана емес, әлем жұрты біледі десем артық айтқандық емес. Осындай адамға туыс боларымды білген жоқпын.
Алматы көркемсурет училищесінде оқығанда ол кісінің кіші қызы Гүлнәзиямен таныстық. Өнерге деген үндестіктен пайда болған сезім үйленуге дейін жеткізді. Училищені бітіген бойда отау құрдық. Сол жылы екеуміз де Мәскеудегі көркемсурет жоғары оқу орнына түстік. Диплом алған соң Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына жұмысқа орналастық. Содан бері, екеуіміз өнерде де, өмірде де бірге ұрпақ тәбиелеп келеміз.
– Әйел дегеннен шығады, Дүзелханов шығармаларының шоқтығы биік бөлігі дәл осы тақырыпқа негізделген. Мұндай алуан образдардың бірінің шығу тарихы туралы оқырмандармен бөліссеңіз...
– Көркемсурет шығармашылық саласындағы әйел образдарын бейнелеу туралы айтқанда маңдай тірейтінің қазақтың бұрынғы замандағы жырлары. Фольклорымызда аталмыш тақырып өте жақсы бейнеленген. Бір ғана мысал, «Қыз Жібек» поэмасында тек Жібек қана емес, оның апасы, айналасындағы қыз-келіншектердің образына дейін керемет суреттеуге көңіл бөлінген. Суретшінің көп ізденістен кейін ішкі композициялық сезімі пайда болады. Алдына қойған мақсат образ қалыптасқаннан кейін оны қағазға түсіру мәселесі пайда болады. Ол аз уақыт алмайды. Соңынан негізгі жұмыс оригиналға кірісеміз.
– Егемен Қазақстан тарихын зерделегенде, Сіздің атыңызды атамауға болмайды. Қазақтың рәміздерімен қатар тұратын қастерлі құндылығы төл теңгеміздің алғаш халықпен табысуына атсалысқан азаматтың бірегейісіз. Сол сәтті ойға оралсақ алдымен не туралы айтар едіңіз?
–Қазақстан Республикасы егемендікті алуымен ақша қолдану мәселесі қиындады. Бұл кезде бұрынғы Совет республикалары өз валюталарын еңгізіп қойған еді. Сондықтан ұлттық валютаға көшу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Қазақстан Президентінің жарлығы, үкімет ұйымдастыруымен суретшілер-дизайнерлер тобы құрылды. Бұл топқа белгілі дизайнерлер Т.Сүлейменовтің басшылығымен Қ.Ғабжалилов және кітап бейнелеу суретшісі М.Алин және мен қамтылдым. Талап бойынша Полиграфияға жақын мамандар болу керектігі ескерілді. Бұл жігіттер Қазақстан баспаларында жұмыс істеген.
Бірінші ұлттық валюталардың алғашқы жобаларын Алматы қаласында ғалымдар, экономистермен бірігіп жасадық. Ал соңғы бекітілген валюта бейнесіне дейін бір жылдай уақыт кетті.
Қазақстанның теңгесінің суреттерін баспаға дайындау жұмыстары Англия мемлекеті Лондон қаласында өтті. Дайындау жұмыстары оңайға түскен жоқ. Ол кезде бізің суретшілер компьютер, принтер қолдану тәсілдерін білмейтін. Сондай-ақ теңгенің болашақ көлемінде суретін микроскоппен салу айтарлықтай қиындық тудырды. Алайда барлық берілген жұмыстарды уақытында атқарып, тапсырдық.
– Тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесі жарық көргенде, қуанбаған адам кемде-кем. Теңге әлемдегі ең көркем, қауіпсіз банкнот екенін біршеше рет дәледеген. Ал олардың қайта-қайта кейпін өзгертуінде не сыр, қандай қажеттілік бар?
– Еліміздің алғашқы валютасы тенге көркемдік, қауіпсіздік жағынан басқа елдердің ақшаларына қарағанда алдынғы қатарда дегенімен, дүние жүзінде валюта жасау технологиясы күн санап қарай дамып барады. Жаңа қауіпсіздік тәсілдер пайда болуда. Содықтан теңгенің түрлері өзгеріп тұрады.
– Қоржыныңызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегені деген атағыңыз бар. Мұнан өзге қандай да бір ұлттық мүддеге қызмет еткендігіңізге лайықты степендия немесе көтерме зейнетақы сияқты мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау бар ма?
– Белгілі адамдарға берілетін атақтар туралы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты дегенатақпен бірге ақшалай сыйлық беріледі. Басқа атақ иелеріне жай ғана «СовМин» емханасына емделуге медициналық көмек ұсынылады, әр жылда жасы үлкендерге стипендия беріледі.
– Бүгінгі қазақ суретшілік өнеріне қандай баға бересіз. Олардың әлеуеті мен мүмкіндіктері қандай? Жас таланттарды қолдау мақсатында елімізде нендей жұмыстар қолға алынған, қанағаттандыру, талантын шыңдау үшін қандай шаруалар атқарылуы тиіс?
– Қазіргі кезде жас талантты суретшілерге арналған республикалық, халықаралық байқау-көрмелер үйымдастырылып тұрады. Шет елдерге барып, көрмелерге қатысып, шеберліктерін шыңдауға барлық мүмкіндік бар. Жастар шаршамай еңбектеніп, талантын шынықтырса, алдына қойған мақсатына жетеді.
– Сүбелі сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен Алтын ҚОСБАРМАҚОВАТеңгені дайындау қиындық тудырды

Әңгімелескен Алтын ҚОСБАРМАҚОВА